Жәдігер • 10 Сәуір, 2024

Қаллекиден қалған бұйымдар

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ театр өнерінің негізін қалаушы, актер Қалибек Қуа­нышбаев тұтынған бұйымдар туған жері – Мартбек Ма­мыраев ауылындағы музейдің төрінде тұр. Жақында бұл му­зейге сол театр абызы Қ.Қуанышбаевтың атын берген.

Қаллекиден қалған бұйымдар

Жәдігерлерді Қал­лекидің ғасырлық мерейтойына орай ұлдары – Андабек пен Нә­дір тапсырыпты. Музей тө­рінде тұрған күміс таяқты жа­зушы Мұхтар Әуезов режиссер Шәкен Аймановқа берген. Кейіннен Шәкең бұл таяқты Қалекеңе сыйлаған. Бұдан бө­лек, жәдігерлер қатарындағы 1960 жылы Қаллеки зейнетке шыққанда қаламгер Сәбит Мұқанов иығына жапқан шапан, 1940 жылы Абай рөлін сомдағанда киген тақия мен күртеше, өзбек ағайындар тарту еткен ала шапан жерлестері үшін құнды затқа айналған.

сим

– Бұл өңірден елімізге белгілі танымал тұлғалар көптеп шыққан. Солардың бірі – Қалибек Қуанышбаев. Қа­зір жас ұрпақ музейге келіп, әр заттың тарихын қызыға тыңдайды. Кеуделерін мақ­та­ныш кернейді. Қаллеки пай­даланған күміс ыдыс-аяқтар да бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын музейге арнайы келген Халық әртісі Асанәлі Әшімов те Қалекең туралы естеліктерін айтып, қуанып кеткен болатын, – дейді Қалибек Қуанышбаев атындағы музей қызметкері Жәнібек Жантурин.

Екі қабатты музей алдында Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ашылған еңселі ескерткіші тұр. Алдыңғы жылы ғимаратқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы