Энергетика • 17 Сәуір, 2024

Төтенше тыйымның төркіні неде?

113 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Қазақстан энергия­мен жабдықтаушы ұйым­дар қауымдастығы» осы сәуір айында еліміз­дің энергия нары­ғын­­­да құлдырау болуы мүм­­­кін деп дабыл қа­ғып жа­тыр. Бұған сала­дағы 140-тан астам ұйым­ның қызметіне тыйым салу себеп болатын көрі­не­ді. Қауымдастық төр­ағасы Сергей Агафо­нов 2024 жылғы 1 сәуір­ден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымдар­дың қызметіне тыйым салынатынын айтып, бұл мерзім ақылға сыймайды және ешқандай сынға да жауап бере алмайды деп мәлімдеді.

Төтенше тыйымның төркіні неде?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Біржақты қабылданған шешім сала қатысушылары ара­сында талқыға салынбады. Енді негізсіз күмәнмен лицензия­ларды жаппай алып тастау мен қызметтің екі түрін бірік­тіру арқылы энергия­мен жаб­дықтаушы ұйымдардың қызметін тоқтату көзделіп отыр», дейді.

Айтуынша, ешқандай ескер­тусіз қабылданған шешім электрмен жабдықтау саласындағы 140-тан астам шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектісіне орны толмас зиян келтірмекші.

«Ол мекемелерде жұмыс істей­тіндердің жан саны 200 мыңнан асып жығылады. Жұмыссыз қа­ла­тын мұнша адамның отба­сы жағ­дайы мен тағдыр талайы қалай болмақ? Бірінші кезек­те бұл шешім – Мемлекет бас­шы­сының «Экономиканы демонополияландыру – біздің ұлт­­тық басымдығымыз» деген ұстаны­мына қайшы келеді», деді төраға.

Ұлттық экономика министр­лігінің Табиғи монополиялар­ды реттеу комитетінің әр өңір­дегі бөлімдері Премьер-министрдің тапсырмасын орындау шеңбе­рінде, сондай-ақ Энер­гетика ми­нис­трлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің Та­биғи монополияларды реттеу комитетінің хаттарын қарау негі­зінде реттелмейтін энергиямен жаб­дықтаушы ұйымдарға тиісті лицензиялардың қолданылуын тоқтатқан. Қауымдастық бұл әрекетті заңсыз шешім деп отыр. Осының негізінде арнайы хат әзірлеп, жауапты органдардың бәріне жолдаған. Өйткені Таби­ғи монополияларды реттеу ко­митетінің лицензиядан айыру­ға қатысты хаты жоғарыда көрсе­тілген 140-тан астам субъектінің бәріне келіп түскен.

Бұдан көрініп тұрғаны, салаға реформа жасауды сылтауратып, ел экономикасының тұтас секто­рын, электрмен жабдықтау сала­сын монополиялауға әрекет жа­са­лып жатыр, дегенді айтты қауым­­дастық жетекшісі. Саланың жылдық айналымы орта есеппен 1,5 трлн теңгені құрайды. Ал тұтынушылар географиясы – елордадан ауылға дейінгі барлық елді мекен. Сондықтан қауымдастық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлт­тық экономика министрі Нұр­лан Байбазаровтың және Энер­гетика министрі Алмасадам Сәт­қалиевтің атына жеке-жеке арнайы хат жазған. Онда төтеннен қабылданған шешімнің асығыс әрі заңсыз екені көрсетілген.

Қауымдастық төрағасы бұл жерде энергияны өндіруші олигополиялар ғана ұтатынын айтады.

«Әдейі немесе еріксіз болып жатқан процедураның бәрі­нен жалғыз пайда табушы сала­лық олигополиялар ғана. Мәсе­лен, өңірлік электр желілері компа­нияларының (ӨЭК) кірісі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш есе ұлғаюға тиіс. Егер атал­ған ӨЭК 100% мемлекеттік болса бір сәрі. Алайда энергия беруші ұйымдардың 90%-ы жекеменшік нысаны бар және генерация секторымен тікелей интеграциялан­ған субъектілер болып саналады. Мысалды алыстан іздемей-ақ, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Атырау қалаларын алуға болады. Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қауымдастығы» екі қызмет түрін яғни, электр энергиясын беру және электрмен жабдықтау қыз­меттерін біріктіру идеясын терістеп келген. «Қауымдастық уәкілетті органдарға бұл пробле­маны айтты. Алайда олардың тарапынан көңілге қонымды шешім ғана емес, лайықты назар да аударылмады. Бизнесті тыныштандыруға арналған дәлел­дердің бірі – заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерін қорғауды көздейтін Азаматтық кодекстің 266-бабына сілтеме жасайды. Бірақ мұнда күмән туындайды: мұның бәрі бюджет қаражатын «игерудің» қарапайым жоспары емес пе?», дейді С. Агафонов.

Электрмен жабдықтау саласында бәсекелестіктің қарқынды дамуына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Ата­мекен» ҰКП белсенді түрде кө­мек­тесіп келеді. Сондықтан кәсіп­керлер палатасына хабарласып, аталған мәселеге байланысты маман пікірін сұрадық. 

«Атамекен» ҰКП шағын, орта және ірі бизнестің, оның ішінде электрмен жабдықтау сала­сындағы кәсіпкерлік субъек­тілердің мүддесін қорғайтын ұйым ретінде, саладағы бүгінгі жағдай ерекше назар аударып отыр. Соң­ғы бірнеше күнде «Атамекен» мен өңірлік кәсіпкерлер палатасына электрмен жабдықтаушы ұйымдардың өздерінен, сондай-ақ заңды тұлғалар бірлестіктерінен Реттелмейтін электрмен жабдық­тау­шы ұйымдардың энергия­мен жабдықтау мақсатында электр энер­гиясын сатып алу жөнін­дегі қызметке лицензияның қол­данылуын тоқтата тұру туралы мәселе бойынша көптеген арыз-шағым түсіп жатыр», деді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушев.

Оның айтуына қарағанда, электрмен жабдықтаушы ұйым­дар қызметін алып тастау және функцияны энергия беруші ұйымдарға беру жөніндегі норма бүгінгі күні Мәжілістің жұмыс тобында «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы шеңберінде кеңінен талқыланып жатыр.

«Әзірге осы мәселе бойынша жұмыс тобы нақты шешім қа­былдамаған. Өйткені бұл шалағай іс біріншіден, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына қарсы. Уәкілетті органдардың бұл «реформасы» нарық заңына қайшы және «Атамекенмен» қандай да бір талқылаусыз шешім қабылдауы дұрыс емес. Төтеннен орын алған жағдайға байыппен қарасақ, ел экономикасының тұ­тас секторын монополиялан­дыру жүріп жатқанына көз жет­кі­земіз. Екіншіден, олар лицензиялау саласындағы ұлттық заң­наманы анық бұзып отыр. Бұл біздің тарапымыздан үлкен алаңдаушылық туғызады. Себебі бас лицензиялардың заңсыз алынып тасталуы – елдегі іскерлік ахуалға теріс әсер ететін өте қауіпті прецендент. Үшіншіден, уәкілетті органдар мәселенің мәнісін «Атамекенмен» талқылаудан жалтарып, бизнеспен мағыналы диалог жүргізуден бас тартып отыр.  Мәселен, Энергетика министрлігі 28.03.2024 ж. №049/19 хатпен Премьер-министрдің тапсырмасына сілтеме жасай отырып, «Атамекен» тиісті ұсыныстардың көпшілігі бойынша уәкілетті органның ұстанымымен келіске­ніне қарамастан, аталған мәселеге қатысты біздің ұсыныстарымызды қабылдаудан бас тартты», дейді басқарушы директор.

Қазіргі күнде Ұлттық кәсіп­керлер па­ла­тасы өз алаңында Мә­жіліс, Үкімет пен бизнес ара­сын­дағы өзара келісімге сәй­­кес, аталған проблеманы құ­қық­тық өрісте қалай реттеуге бо­латындығы туралы нақты ұсы­ныстары бар нарықпен диалог бастауды ұсынып отыр.

«Атамекен барлық бизнес­тің құқығы мен мүддесін қор­ғау­­шы екенін, сондай-ақ уәкі­летті ор­гандардың мұндай әрекет­тері­нің заңдылығы жөнінде шаралар қа­былдайтынын және тиісті мем­лекеттік органдарға хат дайын­дай­­тынын хабарлайды», деді Ж.Хай­рушев.

Осы және басқа да факторларды ескере келіп, орын алған жағ­дайға түсінік беруін сұрап, сондай-ақ саланың монополияланып кету ықтималдығына байланысты Энергетика министрлігіне де сауал тастағанбыз. Өкінішке қарай, жа­уап болмады.

«Қазақстан энергиямен жаб­дық­таушы ұйымдар қауым­дас­тығы» ел Президентінің аты­на арнайы хат жолдап, осы мәсе­лені шешуге және бизнесті банкрот­тықтан, саланы монополия­лау­дан, ал электр энергия тұтыну­шыларының электр энергия­сын жеткізушіні таңдау жөнін­дегі құқықтарын шектеуден сақ­тауға көмек сұрап отыр. Олар­дың түсіндіруінде бұл ше­шім электрмен жабдықтау саласын­дағы 140-тан астам ШОБ субъекті­леріне орны толмас зиян келтіре­ді. Саладағы ашықтық пен бәсеке­лестікті жойып, тарифтердің жосықсыз өсуіне әкеледі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20