Несие • 19 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккендер: Бұл топқа несие төлемі шегеріледі

128 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Су шайған аймақтардағы тұрғындарға жекелеген азаматтар мен әртүрлі ұйымдар ақшалай және материалдық көмек ұсынып, қолдау көрсетіп жатыр. Мемлекет барлық шығынды толық өтеп, апат салдарын түгел жоятынын мәлімдеді. Тасқыннан зардап шеккендерге бір реттік төлем жасалып, мүлікке келген залал өтеледі. Баспанасы жарамсыз халыққа арнап үй салынады. Қажетті инфрақұрылым қалпына келтіріледі. Қызыл судан зардап шеккендерге көрсетілер тағы бір көмек – несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру бастамасы. Бұл ретте әр қаржы ұйымының тәртібі әрқалай екенін ескеру керек.

Тасқыннан зардап шеккендер: Бұл топқа несие төлемі шегеріледі

«Altyn Bank» төтенше жағ­дай нәтижесінде қаржылық жағ­дайдың растай отырып, заң­ды және жеке тұлғалардың қары­зы бойынша төлемдерді кейін­ге қалдыруға байланысты қа­рыз алушылардың өтінішін қарай­ды. Өтінішті «Altyn-i» мобиль­ді қосымшасына немесе элек­трондық поштаға (info@altyn-i.kz) жіберуге болады. Қарыздарды қарау және кейінге қалдыру үшін комиссия алынбайды.

«Freedom Bank» те әкімдіктен алынған тізімге сүйене отырып, тасқыннан зардап шеккен жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің несиесі бойынша төлемді кейінге қалдыру рәсімін ұсынады. Шегерім 3 ай мерзімге – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін күшінде. Су басқан өңір тұрғындарының бұл банктегі кредиті үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Ал өтінім берудің тәртібі қарапайым.

Қол қойылған өтінішті salem@bankffin.kz почтасына немесе + 7 776 159 55 95 whatsаpp нөміріне жолдау қажет. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

«Банк ЦентрКредит» те қаражат бөлумен және кредит бойынша төлем мерзімін кейінге жылжытумен қатар су тасқынынан зардап шеккендерге филиалдық желі арқылы көмек көрсетіп жатыр.

«Зардап шеккен өңірлердегі өкілдеріміз өңірлік билікпен байланысып, керек-жарақтың бәрін алып жатыр. Сондай-ақ қызметкерлеріміз бірнеше қалада бөгет­терді нығайтуға ерікті ретін­де қатысып жүр. Алма­тыдағы банк қызметкерлері өңір­лерге жөнелту мақсатында меди­цина­лық препарат, балалардың керек-жарағы, шаруашылық тауарлары мен гигиеналық құралдар түрінде гуманитарлық көмек жинап жатыр», делінген мәлімдемеде.

Несие төлемін шегеру мүм­кіндігін ұсынған екінші деңгейлі банктер арасында «Nurbank» те бар. Бұл қаржы институты да 2024 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында несие төлемін кейінге қалдыру бастамасын жүзеге асырады. Сонымен қатар айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

«Тасқын салдарынан шаруа­шылығына зиян келген барлық жеке кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнес субъектілерінің берген өтініші негізінде несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүм­кіндігі ұсынылады. Өтініш беру үшін банк бөлімшесіне келу керек немесе онлайн өтінім қал­­дыру қажет», делінген хабарламада.

Банк сайтында «Жеке тұлға үшін өтінім» және «Заңды тұлға/жеке кәсіпкер үшін өтінім» деген екі үлгі көрсетілген. Несие төлемін кейінге қалдыру үшін соны толтырып, өтініш жолдау жеткілікті.

«Bank RBK» клиенттері не­сиені төлеуді кейінге шегеру үшін info@bankrbk.kz электрондық пош­тасына еркін нысанда өті­ніш­ті жіберу немесе бөлімшеге жеке бару арқылы жүгіну қажет. Кейінге қалдырудың максималды кезеңі осы жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін.

«Жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдерде көрсетілген клиенттерге кейінге қалдыру клиенттің өтінішінсіз автоматты түрде беріледі. Қарыз шарттарын өзгерту мәселелері бойынша шешімді банктің тиісті уәкілетті органы қабылдайды. Клиенттің кейінге қалдыру туралы өтінішін қарау үшін комиссия алынбайды. Кейінге қалдыру кезеңінде өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. Клиенттің өтініші бойынша банктің уәкілетті органының оң шешімі болған кезде банк қызметкері қажет болған жағдайда клиентті қарыз шартына/кепіл шартына тиісті қосымша келісімге қол қою үшін банк филиалына шақырады», делінген мәлімдемеде.

ВТБ Банк (Қазақстан) ұсы­натын шарттар да тап осындай. Үш ай мерзімге кейінгі қал­дыруды ұсынады, айыппұл мен өсімпұл қоспайды. Егер клиент кейінге қалдыру мерзімін үш айдан да ұзартқысы келсе, банк ол мәселені жеке тәртіппен қарайды. Кейінге қалдыру мүмкіндігін алуға еркін үлгімен банкке өтініш жазу керек. Өтінішті бөлімшеге апарып беруге немесе info@vtb-bank.kz поштасына жолдауға болады. Бизнес өкілдері өтінішті «VTB Business» интернет-банкі арқылы немесе сайт арқылы бере алады. Ұсынылатын құжаттар: форс-мажор туралы құжат, бизнесті жүргізетін орыннан фотоесеп және басқа да құжаттар.

«ForteBank» су тасқыны сал­­дары­нан қаржылық жағ­дайы на­шарлаған қарыз алушы жеке тұлғалардың төлем­дер­ді кешіктіргені үшін қалып­тас­қан айыппұлдары мен өсімақы­лары­ның күші жойылады деп хабарлады.

«Су тасқынынан зардап шеккен ШОБ қарыз алушылардың қолданыстағы қарызы бойынша қарызды 3 күнтізбелік айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, комиссия­сыз және құжаттар топтамасын ұсынбай, кейінге қалдыру мерзімі берілсін. Жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес зардап шеккен қарыз алушылар банк бөлімшесіне келмей-ақ, төлемдерді кейінге шегеруге және кредиттерін қайта құрылымдауға банктің forte.kz ресми сайты арқылы өтініш бере алады», деп мәлімдейді.

Мұндай мүмкіндікті елдегі беделді микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) «KMF» пен «Solva» да ұсынады.

«Бәйтерек» холдингіне қарасты «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» компаниялары да тасқыннан зардап шеккен қарыз алушылар төлемін кейінге шегереді.

«2024 жылғы кестенің бар­лық төлемі 2025 жылдан бас­тап біркелкі төлемдермен қар­жы­ландыру мерзімінің соңына дейінгі төлемдерге теңдей бөлінеді. 2024-2025 жылдары қарызы аяқталатын жобалар бойынша қызмет бағытына байланысты төлемі 24 айға дейін­гі мерзімге ұзартылады. Бұл көктемгі егін егу және күзгі жиын-терін жұмыстарынан бөлек бар­лық бағытқа қолданылады. Ал осы бағыттағы қарыз алушылар бойынша қайта құрылымдауға/ұзартуға өтінімдерді қарау егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Су тасқыны салдарынан зардап шегіп, несие төлемін кешіктірген азаматтарға айыппұл салынбайды, өсімпұл есептелмейді», деп мәлімдеді.

«Аграрлық несие корпора­ция­­сы» мен «ҚазАгроҚаржы» жұ­­­мыс­­ты  жылдамдатуға аз ғана құ­­жат­тың негізінде өтінім қа­рау­­дың жеңілдетілген үдерісін бекіткен.

Өтініш беруші «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» тізімінде бол­маған жағдайда форс-мажор­лық жағдайдың туындаға­нын растайтын аудандық деңгейден төмен емес жергілікті атқарушы органдардан құжат әкелуге тиіс. Алайда көрсетілген шарт пен тәртіп 2024 жылдың 1 сәуірін­дегі жағдай бо­йынша «Аграр­лық несие кор­порациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» алдында мер­зімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыз алушылар­ға қатысты емес. Дегенмен мұн­дай қарыз алушыларды қол­дау мақсатында тұрақсыздық айыбын есептеу 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына де­йін тоқтатылады.