Апаттан тірі қалған жүк көлігінің жүргізушісі омыртқасы сынып, ауруханаға жеткізілген.
Апат Ақсу-Аюлы кентінен өте берісте, таңғы сағат он шамасында болған.
Рено жүк көлігі мен Тойота бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлікте отырған төрт жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Ал жүк көлігін тізгіндеген азаматтың миы шайқалып, омыртқасы сынған.
Әзірше қай көліктің қарсы бағытқа шығып кеткені белгісіз. Полицейлер "екі жүргізушінің бірі рөлде ұйықтап кетуі мүмкін" дейді.