Таным • 19 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Жиналмалы көпір

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзінде алуан-алуан көпір бар. Солардың арасында қолдану бағыты мен құрылысы бойынша таңдай қақтырарлық небір түрі кездеседі.

Ғалам ғажаптары: Жиналмалы көпір

Мәселен, Лондонның Падингтон ауданында орналасқан Роллинг көпірінің қыз­меті қарапайым болғанымен, құры­лымы өзгеше.

Аптаның әр жұмасында сегізбұрышты бұл көпір төңкеріліп жазылады да, жүруге қолайлы кейіпке енеді. Бұл – оның басқа көпірлерден басты айырмашылығы. Ал күн соңында қайтадан сегізбұрышқа айналады. Көпір 2004 жылы Гранд-Юнион каналына жүк тасымалдайтын кемелерді өткізу мақсатында салынған. Авторы – Томас Хезервик.

 

Биіктегі көпір

ыв

Эйфель мұнарасы мен Гиза пирамидасын қоссаңыз да, оның биіктігі Қытайдағы СиДу көпіріне жете алмайды.

Сонда оның биіктігі қанша дейсіз ғой? Айтайық. Бұл көпір жерден 496 метр биіктікте орналасқан. Бір қызығы, құры­лыс кезінде көтерме крандар немесе тікұшақтар емес, зымырандар негіз­гі қызметті атқарған. Хубэй провин­ция­сындағы өзен аңғарынан өтетін көпір 2009 жылы ашылған.

 

Сәнді көпір

апвапва

Оңтүстік Кореяда орналасқан Банпо көпірі 1982 жылы салынған, алайда 2007 жылы сол аймақты жаңарту жобасы құрылып, 2009 жылы толық пайдалануға беріледі. Ал оның сәнін келтіріп, атағын аспандатып тұрған – көпір жанындағы субұрқақтар.

Субұрқақтар 1 минут ішінде 190 тонна су төгеді. Кешке 10 мың түрлі түсті шам кемпірқосақ секілді жарқырайды. Әртүрлі суретке өзгеріп, тіпті музыкаға сәйкес қозғалады. Көпір сұлулығымен ғана емес, экологиялық тазалығымен де ерек­шеленеді. Айта кетейік, 2008 жылы осы көпірдегі субұрқақтар ең биік деген атқа ие болып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.