Таным • 27 Маусым, 2024

Өнеге

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік жылдары туған жастардың Алаш ұранымен рухтанбағаны кемде-кем. Бірі Әлихан, бірі Шоқай, бірі Міржақып болып әзірге үлкен арман арқалаған ұландарды көрдік. Ұлтқа ұран болған ерлер ісі бір мысқал да ұмытылмай, жаңғыруының дәлелі осы.

Өнеге

Бала күнде үлкен ағам Оралхан үнемі Мұстафа Шоқай туралы айтып отыратын. Кейде «Қалай да ұлтқа қызмет ету керек!» деп тістеніп қоятын. Әр дұға еткенінде Алаш арыс­тары Міржақып, Жү­сіпбек, Ахметтерді қоса күбірлеп рухына дұға ететін. Сол кісінің ықпалы да болар, алашшыл болып өстік. «Ұлт үшін не істей аламын?» деген сұрақ санадан өшпей, маяк сынды жылтылдап тұрды. Кейде пенделік желіне бой алдырар сәтте «мен осы не істеп жүрмін? Ұлтқа қызмет етер тұлға емеспін бе? Серттен тайғаным ба?» деп өз-өзімізді жа­уапқа алып отыруды әдет­ке айналдырдық. Қай­­бір жылы Мәскеу тө­­рінде зираты белгісіз шейіт­терді ойлап ұзақ тол­­­ған­ғанымыз да бар. Жал­­ғыз ғана берілер жаз өмір­ді жан рақатына емес, адам төзгісіз мехнатты ұлт жолына құрбан еткен арыс­тардың әр ісі, әр сөзі бүгінде есті жастың ұра­нына айналып отыр.

«Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны бiл.

...Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсiң.

Барыңды, нәрiңдi

Тiрлiкте бергейсiң.

Ғибрат алар артыңа

iз қалдырсаң –

Шын бақыт‚ осыны ұқ,

Мәңгiлiк өлмейсiң!»

Алаш қайраткерінің бірі, ағартушы, ақын Шә­кә­рім Құдайбер­діұлының бо­лашаққа жасап берген таң­балы өлеңі ойға тұт­қа бо­­ларлық. «Жаным – арым­ның садағасы» деген әр қазақ ба­ласы жеке мұңынан ұлт мұ­ңына, адамдық мұңына кө­те­рілсе, елдігіміз ертегідей қия­ға самғайтыны анық. Иә, сол күнге жете берейік! 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50