Фото: Ұлттық парк
Ұлттық паркте саңырауқұлақ маусымы жаздың ортасынан басталып, күздің ортасына дейін жалғасады. Биыл жаңбыр көп жауғанына байланысты ормандарда саңырауқұлақтар көп шықты.
Табиғи паркте жеуге жарамды саңырауқұлақтар өте көп: ақ түсті саңырауқұлақ, қайың саңырауқұлақ, терекқұлақ, қызыл саңырауқұлақ, майқұлақ, мүкқұлақ, томарқұлақ, сазқатпа, арыш, қозықұйрық. Бұл саңырауқұлақтар ерекше сұранысқа ие.
Саңырауқұлақтарда ақуыздар, майлар, түрлі минералды тұздар мен фосфор қышқылы, сондай-ақ А, В1, В2, С, D, PP1 дәрумендеріне бай.
Саңырауқұлақ жинаудың негізгі қағидалары:
• Киім жылы, ыңғайлы және жеңіл болуы керек. Басыңыз бен денеңіздің барлық бөліктері жабық болуы қажет, бұл жәндіктерден, соның ішінде кенелерден қорғайды.
• Саңырауқұлақ теруші саңырауқұлақтардың улы түрлері себетке түспеуі үшін өте мұқият болуы керек. Егер жеуге жарамды екеніне сенімді болмасаңыз, саңырауқұлақты алмаңыз.
• Жинау кезінде жалғыз тұрған саңырауқұлақтарды түбінен бұрап алыңыз. Егер саңырауқұлақтар топтасып өссе, оларды кесіңіз.
• Орманға кіргенде саңырауқұлақтардың өсу орнына зиян келтірмеу үшін таяқ қолданыңыз. Саңырауқұлақтардың өсу орнын бұзуға болмайды.
• Егер саңырауқұлақ жинау тәжірибеңіз аз болса немесе алғаш рет жинап жатсаңыз, тәжірибелі саңырауқұлақ жинаушымен бірге барған жөн. Ол сізді ормандағы қателіктерден сақтап, жиналған өнімді қалай дұрыс әзірлеу керектігін айтады.