Таным • 21 Тамыз, 2024

«Адамзаттың бәрін сүй...»

62 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.

Ескі күнді еске алар болсақ, діни немесе басқа наным-сенімге негізделген зорлық-зомбылыққа ұшырап, құрбан болған адамдарды санап тауыса алмайсыз. Ежелгі Римдегі христиандарды қуғындау, кейін кресшілердің мұсылмандарды қырып-жоюы, дербес пікірі үшін ғалымдарды өлтіру, католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыс және тағы басқалары.

Асылында барлық дін әртүрлі терезеден түсіп тұрған бір күннің сәулесі іспетті. Ол исі адамзатты жақсы көруге үндеуі керек. Кез келген жанды нәсіліне, сеніміне, азаматтық ұстанымына қарамай, бауыр болуды уағыздаса керек-ті. Менікі сенен күшті деп дін жарыстырудың арты жанжал, соңы соғыспен бітеді. Құдайды қорғаудың қажеті жоқ. Ол өзін онсыз да қорғап алады.

Дін – адамның жеке мәселесі. Оны көпшілік ұстанғаны жақсы. Алайда дін жамағаттық санаға орныққан кезде кеудемсоқтық пен кері итерушіліктен абай болған жөн. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ» деп Абай діни буквализмге шалдыққан тобырлық түсінікті мансұқтайды. Шәкәрім болса барлық ақыл елегінен өткізу керектігін айтады. Әйтпесе оның түбі – құрдым деп ескертеді:

«Таза ақылмен таппаған дін,

Шын дін емес – жындылық.

Қармалаған бір соқырсың,

Өлген ой мен көз, құлақ».

БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл атаулы күнді бекіту арқылы барлық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымды, барлық діни конфессия өкілдерін дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандары мен зардап шеккендерді еске алуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50