«Bala Turkvizyon-2015» халықаралық балалар әні байқауының ұлттық іріктеуі Өскемен қаласынан бастау алды. Байқау бастамашысы – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры. Алғашқы іріктеуге Шығыс Қазақстан облысынан 157 өнерпаз қатысты. Металлургтер мәдениет сарайында таңертеңнен басталған кезекті Глубоковское (Глубокое ауылы), Тарбағатай (Ақжар ауылы), Зыряновск (Серебрянск ауылы), Аягөз, Өскемен, Риддер және Семей қалаларынан келген жас таланттар толтырды.
Өскенмен қаласынан ұлттық іріктеудің жартылай финалына үміткерді анықтауға әнші Санда, танымал продюсер Эрик Тастамбеков пен әнші Иван Бреусов келді. Қазылар алқасына көп өнерпаздың ішінен үздіктерді анықтау қиынға соқты.
Кішкентай әртістер үлкен сынаққа дайын екендіктерін дәлелдей білді. Өйткені, олардың көбісі үлкен сахнаға бірінші рет қадам жасауда, камера алдында әрі өнер жұлдыздарының алдында өнер көрсету – үлкен ерлік.
Аймақтық іріктеу кезінде әртүрлі жанрдағы, әртүрлі бағыттағы әндер орындалды: халық әндері, рэп, поп және авторлық әндер. Үміткерлер орындаған әндер қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерінде болды. Әрбір қатысушы марапатқа, құрметке ие. Олар Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеуінің қатысушысына арналған сертификат пен ұлттық іріктеу әнұраны жазылған CD-дискілерге ие болды.
Өскемен қаласының ұлттық іріктеу жеңімпазы 12 жастағы Рашида Ұзыханова – Семей қаласының тұрғыны. Қазылар алқасының шешімі бойынша Рашида Астана қаласында өтетін финалда Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғамақ. Бұған дейін де жас өнерпаз көптеген республикалық, халықарлық байқауларға қатысып үлгерген.
Ұлттық іріктеудің келесі кезегі Павлодар қаласында.
«Егемен-ақпарат».
• 13 Маусым, 2015
«Bala turkvizyon – Қазақстан» жобасы Өскеменнен бастау алды

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше