Тағайындау • Бүгін, 15:05

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерғали Бахаев Қарағанды ​​облысы ТЖД жаңа басшысын департаменттің жеке құрамына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

фото: Қарағанды облысы ТЖД

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметке  Марғұлан Топашұлы Аманбаев тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Марғұлан Аманбаев 1973 жылы 20 қаңтарда Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 2000 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында, әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен», деп хабарлады ​​облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Басқарманың бұрынғы басшысы Мұрат Қатпанов жаңа қызметке ауысты.