Заң • 04 Қыркүйек, 2024

Елімізде тұтынушылар құқығын қорғайтын уәкіл тағайындалады

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде тұтынушылар құқығын қорғайтын уәкіл тағайындалады

Фото: ortcom.kz

Заң жобалары тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру үшін әзірленген.

Негізгі заң жобасы арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі. Ол тұтынушыларға консультациялық көмек көрсетуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, сондай-ақ өзге де функцияларды орындауға құқылы. Оны қызметке тағайындау және қызметтен босату уәкілетті орган (Сауда және интеграция министрлігі) басшысының құзырына беріледі. Омбудсмен 4 жыл мерзімге сайланады және өз қызметін ерікті негізде (ақысыз) жүзеге асырады.
 
Сонымен қатар сотқа дейінгі сатыда тұтынушылардың талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады.

Жаңа заң жобасы тұтынушылардың шағымдарымен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Енді олар өз құқықтарын қорғау, тікелей сотқа талап арыз беру, сатушыны жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға хабарласу немесе арбитражға, медиаторға немесе қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне, қауымдастықтарға, омбудсменге жүгіну бойынша таңдау жасай алады.

Кәсіпкер тұтынушының талаптарын өз еркімен орындамаса, сот сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) айыппұл өндіре алады. Айыппұл талап арыз сомасының 10 пайызынан 50 пайызына дейінгі мөлшерде қарастырылады (талап сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл соғұрлым көп болады).