Жоба • 10 Қыркүйек, 2024

Жастарға арналған жаңа жоба

56 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізу туралы тапсырмасын іске асыру аясында Қаскелең қаласында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс уни­вер­ситетінің «Future University» жобасы жүзеге асатын болады.

Жастарға арналған жаңа жоба

Суретті түсірген – Аслан Қажеке

Жоба бойынша аталған университеттің жаңа студенттік кампус­тары Қаскелеңде бой көтереді. Атап айтқанда, қала маңынан бө­лін­ген 15 гектар аумаққа әрқай­сысы 60 мың шаршы метрді құ­райтын екі оқу корпусы және 6 мың студентке арналған заманауи үлгідегі жайлы жатақхана салынады деп жоспарланып отыр. Жобаның инвестициялық құны шамамен 100 млн долла­рды құрайды.

Жобаның ашылу салтанатына Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов, Нью-Йорк киноакадемиясының президен­ті Майкл Ян, Алматы облыс­тық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов қатысты. Осыдан кейін қонақтар университет ғимаратына келіп, аталған жоба туралы бейне­көрсе­тілім­мен танысты.

Онда алғашқы рет жасанды интеллектінің көмегімен Алматы қаласынан шығатын қоқысты тасымалдау, өңдеу және тұрмыстық қалдықтардан жаңа технологияларды пайдалана отырып, алынатын көгілдір отынды игеру, оны тиімді пайдалану туралы төрт жаңа жоба – стартап таныстырылды. Аталған жобалар жасанды интеллект пен роботтехниканы пайдалана отырып, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын сұрыптау, қайта өңдеу және пайдалану технологияларын көрсетті. Дамы­ған мемлекеттерде қалдықтардың 80 пайыздан астамы өңдеуден өте­тінін ескерсек, елімізде бұл небәрі 15 пайыздан аспайды. Бұл қоршаған орта мен экология­мыз­ға, экономикамызға да зор шығын әкелетіні белгілі.

Қаскелең қаласындағы Креа­тивті индустрия паркінің ашылу салтанатында сөз бастаған Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов «Future University» жобасы және оқу орнының алға қойып отырған тың бастамалары туралы баяндады.

«Future University» жобасы бойынша жаңа оқу корпус­тары­ның ашылуы мұндағы оқу бағ­дар­ламасын жетілдіруімен қатар, жаңартылатын және атом энергетикасы, жасанды интеллект, роботтехника, жасыл және кли­маттық технологиялар, киноиндустрия мен ойындар саласы бойынша маман даярлайтын Орталық Азиядағы жетекші оқу орын­дары­ның біріне айналады», деді университет ректоры.

Сондай-ақ «Future University» Қаскелең қаласында орналас­қан Сулейман Демирел университе­тіне көршілес қоныстануы екі жоғары оқу орнының бірігіп жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді. СДУ бүгінде еліміздегі же­текші университеттердің біріне айналғаны ақиқат. Сондықтан ­студенттер мен оқытушыларды алмастыру, ғылыми жобалар­ды бірлесе жүзеге асыру, уни­верситеттің құрылымы мен тех­никалық мүмкіндіктерін бірі­гіп пайдалану арқылы заманауи мамандарды даярлау, озық жаңа­лықтарды жүзеге асыру мүм­кіндігі артады. Жоғары оқу орындары арасындағы өзара әріптестік­тің нәтижесінде табиғаты көр­кем Қаскелең қаласы да жедел дамып, 20 мыңнан аса студенттің құтты мекеніне айналары сөзсіз.

Өз кезегінде Қарасай ауданы­ның әкімі Жасұлан Естенов ха­лық саны жарты миллионға жуық­тайтын ауданның өндірістік саласы күн өткен сайын дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, аудан аумағында екінші жоғары оқу орнының ашылуын қуана құп­тай­тындығын білдірді. Сондай-ақ ол Қаскелең қаласының студенттер қалашығына айналуы өңірдің дамуына даңғыл жол ашатынын атап өтті.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар