Фото: ҚР ҚМА
Сочидегі (РФ) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржы институттарының комплаенс-мамандары арасында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған үздік қаржылық сараптамаға арналған конкурс өтті.
Ауқымды жарысқа Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты.
Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді.
Ақшаны жымқыру және қаржылық терроризм актілерінде «дроптарға» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық сараптамаға арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте қатерлерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды.
Дроптар - заңсыз әрекеттерден қаражат жинау үшін қылмыстық схемаларға қатысатын адамдар.
Қазақстаннан «ATAIX Eurasia ltd.» криптобиржа – компаниясының AML комплаенсы Айдын Мұқашевтың жобасы ұсынылды.
Жобада ұсынылған дроптар мен VPN-ді қолдану арқылы жүзеге асырылатын күрделі алаяқтық схемалардың ұйымдастырушыларын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер сарапшылардың қызығушылығын оятты.
Нәтижесінде бұл жобаны Еуразия кеңістігіне ұсынып, отандық тәжірибе туралы жариялау шешімі қабылданды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша отандық жүйе конкурстың жеңімпазы болып танылды.
Сарапшылар қаржылық із жасыруға қарсы жүйенің АЖ/ТҚҚ саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге дайындығын жоғары бағалады.
Еске сала кетейік, Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық Олимпиада биылғы жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Сочиде (РФ) өтіп жатыр.
Оған әлемнің 36 елінен 600 үздік оқушы мен студент қатысып жатыр.
Отандық команда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын (ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Maqsut Narikbayev University, Turan Unversity, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) 10 студент пен магистранттардан тұрады.