Спорт • Бүгін, 10:23

Әлем Кубогі: Cпорттық гимнастикадан – 2 алтын

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған дода Мажарстанның Сомбатхей қаласында мәресіне жетті. Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем Кубогі: Cпорттық гимнастикадан – 2 алтын

Фотолар: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская 13.166 ұпаймен топ жарды. Бұл оның Әлем Кубогіндегі алғашқы жүлдесі.

спортты дамыту дирекциясы

Ал тіреніп секіруден ерлер арасында Асан Салимов қарсыластарын артта қалдырды. Оның ұпайы - 14.300.

Айта кетсек, 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары мәресіне жетті. Биыл Әлем Кубогі Анталья, Осиек, Варна, Копер, Сомбатхей қалаларында өтті.