Таным • 16 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Түк бітірмейтін чемпионат

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Естімеген елде көп» демекші, Жапонияда ерекше жарыс өтті. Ерекшелігі сол, қатысушылар жай ғана тыныш отырып, түк істемеуі тиіс.

Ғалам ғажаптары: Түк бітірмейтін чемпионат

Аталған сайыс 2014 жылы Оңтүстік Ко­реядан бастау алған. Содан бері Тай­вань, Нидерланд, Гонконг сияқты елдерде тұрақты ұйымдастырылып келеді. «Бұн­дай бәсекеден пайда бар ма?» деп ой­лауыңыз мүмкін? Бар болғанда қандай. «Әл­бетте, жұмыстың көптігі жақсы. Дегенмен қазіргі қарбалас заман­да тыныштықты тыңдап, ештеңеге алаң­дамай, жай ғана өз ойын ести алатын адам­дар азайып барады», дейді мамандар. Демек бұл байқаудың мақсаты – күйзе­лістен құтқару, медитацияны дәріптеу. Бір қарағанда, сайыс шарты өте оңай сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ тоқсан минут тыным тауып, жеңімпаз атанатындар тым сирек екен.

 

Юпитердегі тіршілік

ап

NASA-ның «Europa Clipper» ғарыш кемесі Юпитерге, нақтырақ айтқанда, оның серігі Еуропаға аттанды.

Еуропа дегеніміз – кәрі құрлық емес, Юпитер ғаламшарының 95-серігі. Былтыр ғалымдар «Джеймс Уэбб» телес­кобының көмегімен осы ғаламшар қой­науынан көміртек тапқан еді. Содан бері аталған аспан денесінде тіршілік бар деген болжам айтылып келеді. Ғалымдар Юпитер сері­гінде көмірсутек бары жөнінде телес­коп мәлі­метін сараптап, ол мұз астындағы тұз­ды судан келіп жатыр деген қорытындыға келген. Дегенмен ғалымдар көмірсутекті тірі ағзалар шығарып жатыр ма, жоқ па деген сұраққа әзірге жауап бере алмай отыр. Алдағы ғарыш сапарының негізгі миссиясы да осы болмақ.

 

Балкондағы күн батареясы

ва

Бұл құрылғы күн энергиясын тіке­лей электр қуатына айналдырады. Экологиялық жағынан тиімді мұн­дай технологияға қазір сұраныс көп.

Мәселен, Германияда жыл басынан бері бұл батареяның саны екі есеге өскен. Неміс күн энергиясы қауымдастығының айтуынша, аталған құрылғының бағасы арзандап келеді. Тұрғындар оңай сатып алу мақсатында бюрократиялық кедергілер жойыл­ған. Айта кетейік, энергияның рұқ­сат етілген мөлшері 600-ден 800 ватқа дейін жетеді.