Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
50 дәрігердің қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі - Беркін Туркулов, «Сарыағаш» шипажайлардың бірінің бас дәрігері - Мұстафа Бурабаев, білікті УДЗ дәрігері - Артықбек Керімбердиев, Жезқазған қалалық ауруханасында істейтін онестезиолог-реаниматолог - Ілес Нұрғазы, оториноларинголог - Ерғали Асанов сияқты тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медицина саласында қызмет етіп жүр. Олардың барлығы аталған мектепті тәмамдаған.
Директор орынбасарының айтуынша, басқа да салалардағы түлектерімен мақтанатын осынау мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар көп.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 78 мұғалім сабақ беретін аталған білім ордасында 600-ден астам бала оқиды.