Таным • 27 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: ЖИ-ді оқытудың жаңа әдісі

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Массачусетс технологиялық инс­титутының ғалымдары жасанды интеллектіге өзгермелі жағдай­ларда күрделі тапсырмаларды тиімді орындауға көмектесетін жаңа MBTL (Model-Based Transfer Learning) алгоритмін жасады.

Ғалам ғажаптары: ЖИ-ді оқытудың жаңа әдісі

Бұл әдіс оқыту тиімділігін 5–50 есе арттырып, ресурстар мен мәліметтерді аз қолдана отырып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. MBTL ең маңызды тапсырмаларды таңдап, ИИ модельдерінің жұмысын оңтайландырады. Мысалы, бағдаршамдарды басқаруда жалпы қозғалысқа әсер ететін басты қиылыстарды анықтайды. Алгоритм жол қозғалысын басқару мен медициналық талдау секілді салаларда ЖИ өнімділігін арттырып, нақты жүйелерге бейімделе отырып, шешім ұсынады.

 

Ежелгі балық зауыты

ва

Белизде археологтер Майя өрке­ниеті пайда болғанға дейін 4000 жыл бұрын аңшылар мен терім­шілер тұрғызған ежелгі балық аула­у арналарының кешенін тапты.

Ғалымдардың есептеуінше, бұл ауқымды құрылыс жылына 15 000 адамды азықпен қамтамасыз етіп отырған. Зерттеулер көрсеткендей, ирек арналар жүйесі тек балық аулауға пайдаланылған. Арналар жыл сайынғы тасқын суды арнайы бассейндерге бағыттап, мыңдаған балықты ұстауға мүмкіндік берген. Құрылым дрондар мен спутниктерден түсірілген суреттерді талдау кезінде табылды.

 

Кибершабуылдың алдын алады

в

Ресей инженерлері киберша­буыл­дардың алдын алатын қауіп­сіздік жүйесін жасады.

«InnoDragon» платформалардың осал тұстарын анықтап, кибершабуылдардың алдын алады. Жүйе көпсатылы талдау негізінде техникалық әрі адами фак­­торларды ескере отырып жұмыс істейді.«InnoDragon» цифр­лық ак­тивтерді тиімді басқаруға, қолжетімділік дең­гейлерін бақылауға, пайда­ланушы­лардың әрекеттерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйе дәл сол сәтте порттарды, веб-қосымшаларды, ұйым сайттарын сканерлеп, төнетін қауіп туралы егжей-тегжейлі есептерді автоматты түрде дайындап бере алады.