Фото: parlam.kz
Оның айтуынша, қаржы ұйымдарының қызметтерін алушылар қол қоятын келісімдер қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.
«Келісім алу рәсімі іс жүзінде мәжбүрлі сипатқа ие. Пайдаланушы тарап келіседі, егер келіспесе, қызметке қолжетімділік жабық болады. Келісімдерде деректерді белгісіз мақсаттар үшін өңдеуге мүмкіндік беретін жалпы тұжырымдар қолданылады. Қазіргі келісімдердің тағы бір белгісі – мерзімінің жоқтығы немесе негізсіз ұзақ мерзімде болуы», деген Е.Смешляева аталған мәселе тұрғысында тағы бірнеше жайттарға тоқталды.
Депутаттың айтуынша, дербес деректер және оларды қорғау туралы барлық талаптар заңда ескерілсе де, жиі бұзылып отыр.
Осы және басқа да айтылған жайттарға байланысты депутат мынадай ұсыныстарын ортаға салды:
«Келiсiмдердi алу тәртiбiн және мазмұнын қоса алғанда, банк секторында дербес деректердi қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргiзу. Банк ұйымдарына қатысты нормалардың сақталуын бақылау бөлігінде қолданыстағы ерекшеліктерді қайта қарау. Дербес деректерді пайдалануға салалық келісімдердің бірыңғай нысандарын енгізу мүмкіндігін қарастыру. Қолжетімділік стандарттарын, алу рәсімдерін енгізу және келісімдерді қайтарып алу», деп түйіндеді Екатерина Смышляева.
Айта кетсек, депутаттар өз тарапынан ҚР заңдарының дербес деректерді қорғау бөлігіне қосымша өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр.