Компания N1 импланты арқылы робот қолды басқару мүмкіндігін зерттеуге рұқсат алғанын мәлімдеді. Жоба Convoy деген атаумен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі имплант науқастарға компьютерді, планшетті басқаруға, ойын ойнауға мүмкіндік береді. Енді компания 10 жылдың ішінде бұл технололгияның мүмкіндігін арттыруға ден қойып отыр. Сонымен қатар «Neuralink Blindsight» жобасы аясында туғанынан зағип адамдарға көру қабілетін қайтару технологиясы әзірлену үстінде.
Дыбыстан жылдам ұшақ
«Boom Technology» компаниясы дыбыс жылдамдығынан тез ұшатын жолаушылар ұшағын қайта енгізуді жоспарлап жатыр.
«Overture» ұшағы сағатына 2 100 км жылдамдықпен ұшып, рейс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Компания ұшақтың шағын прототипі – XB-1-ді сынақтан өткізді. Сынақ барысында оның жылдамдығы 1 012 км/сағатқа жетіп, 7 632 метр биіктікке көтерілген. «Boom Technology» алдағы сынақтарда ұшқырлықты дыбыс жылдамдығына жеткізуді жоспарлап отыр.
Қара құрдымның құпиясы
Халықаралық астрофизиктер тобы әлемде аса алып қара құрдымдардың қалай үлкен массаға жеткенін түсіндіретін жаңалық ашты.
Ғалымдар «XMM-Newton» мен «Chandra» рентген телескоптарын пайдаланып, ғарыш тарихындағы ең алғашқы 21 квазарды зерттеді. Нәтижесінде, қара құрдымның физика заңдарын бұзып, шексіз жылдамдықпен өсетін механизмін анықтады. Негізгі теорияға сәйкес қара құрдымдар Эддингтон шегінен асқан кезде өсуді тоқтатады. Алайда жаңа зерттеулер қара құрдымдардың жоғары тартылыс фазасына кіріп, шексіз жылдамдықта өсе беретінін дәлелдеді.