Таным • 30 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Ең үлкен алтын кені

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хунань провинциясы геологиялық бюросы Вангу жерінде әлемдегі ең үлкен алтын кен орнын тапты.

Ғалам ғажаптары: Ең үлкен алтын кені

Геологтер 2 км тереңдікте 300 тонна, 3 км тереңдікте 1000 тоннадан астам алтын қоры бар 40-тан астам алтын кенін анықтады. Резервтердің құны $83 млрд. Бұл жаһандық көрсеткіштен асып түскен. Геологтер шет аймақтардан тағы да кен орындарының табылуы мүмкін деп отыр. Қытай алтын өндіруден қазірдің өзінде бірінші орында тұр.

 

Электр энергиясын өндірудің жаңа әдісі

ап

Қытай ғалымдары ауа жылуы­нан электр энергиясын өндіру үшін суды қажет етпейтін гер­метикалық гидроэлектрлік эле­ментті әзірледі.

Жаңа технология буландыру үдерісін тұрақтандыру үшін температура өзгерісі мен екі қабатты құрылымды пайдаланады. Гидроэлектрлік элемент сусыз 160 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Бұл әдіс тропиктік аймақтарда төтенше жағдай кезінде қолданылуы мүмкін.

 

Қуатты аккумулятор

ап

Аустралия ғалымдары литий-кү­кірт аккумуляторларының жаңа түрін жасап шығарды.

Бұл батареялардың энергия ты­ғыздығы 400 Вт·сағ/кг дейін жетеді. Бұл литий-ионды аккумуляторлардан екі есе көп. Олар жеңіл, арзан әрі жылдам қуатталады. Сондай-ақ экологиялық тұр­ғыдан тиімді, себебі құрамында қым­бат кобальт жоқ. Ал катод ретінде кең таралған күкірт пайдаланылған. Мо­наш университетінің ғалымдары по­ливинилпирролидон қосу арқылы зарядтау жылдамдығын арттырып, ба­тареяның өнімділігін жақсартқан. Бұл технология авиация мен eVTOL көлік­­теріне, әсіресе, ұшу мен қону кезінд­е жо­ғары қуат қажет болатын жағ­дай­ларда қол­данылады. Сонымен қатар литий-кү­кірт батареялар өндіріс шы­ғындарын азайтады.