«Таза Қазақстан» • Бүгін, 18:36

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Салтанатты марапаттау іс-шарасы бүгін Rixos President Astana қонақүйінің «Шаңырақ» конференц-залында өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қала тазалығы – қоғам назарында болуын көздеген БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында алғаш рет өткізілген байқауға 7 қазан – 10 желтоқсан аралығында 60 адам 106 материал ұсынған екен.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар тізімі:

Телевизия бойынша:

І орын Томирис Біләл, «24 KZ».

ІІ орын Карима Садуақас, «Қазақстан».

ІІІ орын Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар».

ІІІ орын Дильназ Ерланова, «Астана».

Желілердегі үздік жарияланым:

І орын Тимур Асылханов, блогер.

ІІ орын Назым Болесова, Baq.kz.

ІІІ орын Данияр Сейсенбаев, блогер.

ІІІ орын Аршат Оразов, блогер.

Интернет бойынша газет тілшілері:

І орын Райхан Рахметова, «Астана Ақшамы».

ІІ орын Кәмила Дүйсенова, «Айқын».

ІІІ орын Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң».

ІІІ орын Бақытбек Қадыр, «Егемен Қазақстан».

Басылымдардағы үздік мақала:

І орын Мақпал Орынбекқызы (Жібек Есім), Baq.kz.

ІІ орын Сабина Мәдиқызы, Elordainfo.kz.

ІІІ орын Ләззат Салимова, Nur.kz.

Оған қоса, «Астана Тазалық» ЖШС Бас Директорының атынан «Ең үздік креатив» үшін арнайы сыйлықтар табысталды: Мөлдір Молдағали, «24.kz». Ажар Лаубаева, «El.kz». Құрманғали Қалмахан, «Turaninform.kz». Мария Конюхова, «Elordainfo.kz». Даля Насипова, «Almaty» телеканалы. Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті. Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті. Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газеті.

Сондай-ақ жүлдегерлерге аталған мекеменің брендтік сыйлықтары және  естелік статуеткалар табысталды.