Биыл Жамбыл облысының оқушылары үшін өте табысты жыл болды. Олар биылғы оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 133 медальді иеленді. Оның ішінде 51 медальді халықаралық білім жарыстарында алыпты. Республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жарысында облыс командасының жүлделі І орынды иеленуі – жамбылдық дарынды оқушыларға берілген лайықты баға екені анық.
Осы аптада Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесіп, кең отырып әңгімелесті. Биылғы жылғы халықаралық олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көрінген дарынды балалар ішінен әсіресе, қазақ-түрік мектеп-интернатының оқушысы, Мәскеу қаласында өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медалінің иегері атанған Әмзебек Азаматты, математика пәнінен Афины қаласында өткен Балқан олимпиадасында қола медаль, халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медальға ие болған Әбесбек Даниярды, сондай-ақ, осы олимпиадада физика пәнінен күміс медальді иеленген Сегізбай Аянды, математика пәнінен халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының күміс медаліне қол жеткізген Дінмұхаммед Түзеловті ерекше мақтанышпен айтуға болады. Ал халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жарыста екінші орынды иеленген Тараз қаласындағы №1 гимназияның түлегі, «Алтын белгі» иегері Сейсенғали Мәриям кеше ғана өткен ҰБТ-да 119 баллды иеленіп, өз білімін тағы да дәлелдеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы 125 балл алған Қазақстан бойынша бес түлектің біреуі – Тараз қаласындағы №45 гимназияның оқушысы Гүлназ Ердосова облыс абыройын өсіріп, жамбылдықтарды зор қуанышқа бөледі. Биылғы жылғы тестілеуде мектеп түлектері өткен жылға қарағанда, өздерінің жақсы дайындықтарын көрсетті. Облыстың орташа баллы 78,6-ны құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 6,2 баллға өсті.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық қиын да жауапты, қыр-сыры мол, шығармашылық еңбек. Бұл – бір жағынан үлкен абырой, екінші жағынан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да біздің елде ұстаз қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қазіргі таңда облыс түлектері әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл, әрине, ең алдымен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Содан болар Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев бұл жиында оқушылармен қатар бірқатар ұстаздарды марапаттап, құрмет көрсетті.
– Дарынды жастар – ұлт болашағы. Елбасы Н.Назарбаев «Мен жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», деп жастарға үлкен сенім артты. Осы жас өрендер білімді, тәрбиелі болса – еліміздің ертеңі мықты болады, – дейді К.Көкірекбаев.
Міне, осылайша жамбылдық өрендер білім сайыстарында жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып, өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін танытты.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25