Қаржы • 21 Қаңтар, 2025

Ең төменгі жалақы: есептеу тәсілі

121 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы мөлшері өзгерді. Жаңа мөлшерлер «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен бекітілді.

Ең төменгі жалақы: есептеу тәсілі

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

ЕТЖ не үшін керек?

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – салық­тарды, айыппұлдарды, жәрдемақылар­ды, әлеуметтік төлемдерді, басқа да міндетті төлемдерді есептеуге арналған негізгі өлшем бірлігі. Бұл көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Биылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге, 10 АЕК – 39 320 теңге. Ең төменгі жалақының (ЕТЖ) мән-маңызы – жұмыс беруші өз қызметкерінің толық айлық жалақысын осы мөлшерден төмен белгілей алмайды. Осы арқылы мемлекет жұмысшылардың құқын қорғайды, еңбек қатынастарын реттейді. ЕТЖ зейнетақыларды, жәрдемақыларды, ауруханалық, басқа төлемдерді есептеуге әсер етеді, өйткені оның көбі осы көрсеткішке байланысты. Кейбір салықтар мен төлемдер, мысалы, әлеуметтік салық немесе зейнетақы жарналары ЕТЖ негізінде есептеледі. Биыл еліміздегі ең төменгі жалақы – 85 мың тең­ге. Бұл көрсеткіш жыл бойы күшінде бо­лады. Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 62 771 теңге, базалық әлеуметтік төлемдер­дің мөлшерін есептеуге қатысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 46 228 теңге.

«Толық жұмыспен қам­тылған, белгілі бір күнкөріс деңгейі бар елде тұратын адам өз еңбегі үшін ең аз де­генде күнкөріс минимумын жабатын мөлшерде ақы алуы керек деп болжау қи­сынды. Бұл тұрғыда бүкіл әлем­дегі экономистердің көз­қарасы екіге жарылған: ең тө­менгі жалақыны белгілеу саясатын қолдайтындар да, осы бастамаға қарсылар да бар. Қарсылардың уәжі – егер сұраныс болса, ұсыныс болады. Белгіленген минимумнан төмен ақыға жұмыс істеуге дайын адамдардың бар­лығы жұмысқа орналаса алмайды, өйткені заң жұ­мыс берушілерге осындай төмен жалақыны төлеуге рұқ­сат етпейді. Нәтижесінде, бел­гіленген минимумнан төмен жалақыға жұмыс іс­теуге келіскен барлық жұ­мыс күші көлеңкелі табыс тү­ріне кіреді.

пр

Ең тө­мен­гі жалақыны енгізу сая­сатын қолдай­тын­дар көбі­несе жұмыс бе­ру­шілер мо­но­псониялық күшін көр­сете бастайды деп санайды. Мо­ноп­сония – нарықта жалғыз жұмыс беруші болып, кез келген жалақыны өз бетінше белгілей алуы. Сол тұрғыда халықты әділетсіз қанаудан қорғау үшін ең төменгі жалақыны енгізу қажет. Сіз бен біз ЕТЖ ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен белгіленбейтінін тү­сінеміз. Әрбір еңбек лайықты бағалануға тиіс. Адам өзінің жалақысына өзін қалыпты өмірмен қамтамасыз етуі керек», дейді халықаралық экономист Данияр Молдаханов.

Келтіріліп отырған кес­тедегі көрсеткіштерге назар аударсаңыз, еліміздегі ең тө­менгі жалақы (ЕТЖ) ең тө­менгі күнкөріс деңгейінде бел­гіленгенін, тек 2019 жылы ЕТЖ ең төменгі күнкөріс дең­ге­йінен жоғары болғанын бай­қауға болады.

 

Елдегі ЕТЖ мөлшері қалай есептеледі?

ЕТЖ заңға сәйкес жұ­мыс істейтін қарапайым қыз­­мет­кердің айлық жалақысының төменгі деңгейі екенін, жұ­мыс берушінің қызметкерлерге сол мөлшерден төмен жа­ла­қы төлеуге құқығы жоқ еке­нін тағы бір еске сала ке­те­йік. Мысалы, 2024–2026 жыл­дарға арналған мемле­кеттік бюджет туралы заңға сәйкес ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды, 2022 жылмен салыстырғанда бұл 15 мың теңгеге өсті. 2018 жыл­ға дейін еліміздегі ЕТЖ ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңестірілген еді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі – бір адамға шаққандағы табыстың тө­мен­гі шегі. Бұл азық-түлік пен басқа да маңызды қажет­ті­ліктерге жұмсалатын қара­жат.

Былтыр ең төменгі күн­кө­ріс деңгейі 7%-ға артып, 43 407 теңгені құрады. 2019 жыл­­дан бастап елдегі ең тө­­менгі жалақы ресми ең тө­менгі күнкөріс деңгейінен жо­ғары болды. Әуелі ол 1,5 есе ұлғайтылды, кейін жыл са­йын көбейетін болды. Был­­тыр 20 наурызда Үкі­меттің ЕТЖ есептеудің жаңа әдістемесін бекіту туралы қаулысы шықты. Оған екі көрсеткіш әсер етеді: орташа жалақы, еңбек өнімділігі. Орташа жалақы деңгейі шартты түр­де елдің барлық жұмыс іс­тейтін азаматтарын екі тең бөлікке бөледі: сол деңгей­­ден жоғары және төмен жалақы алатын азаматтар. Еңбек өнімділігі – бұл шығарыл­ған өнім көлемінің жұмсалған ресурстарға қатынасы.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі С.Жақыпованың айтуынша, еліміздегі ең төменгі жала­қыны 1 миллион 800 мың адам алады.

 

Былтырғы сөз, биылғы іс

Естеріңізде болса, ЕТЖ-ны есептеу мәселесі былтыр біраз талқыланған. Мә­се­лен, Мәжіліс депутаттары Үкіметке ең төменгі жа­л­ақыны 2025 жылы 100 мың­ға жеткізуді ұсынған. Алай­да бұл салаға жауап­ты министрлік елде ең төменгі жалақыны есептеуге қатысты жаңа әдістеме әзірленгенін айтып, ұсынысты қабыл­дамаған.

Бұл жөнінде депутат Еркін Әбіл бір сұхбатында: «Жаңа әдістемеге сәйкес, Үкімет ең төменгі жалақыны ме­диандық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарап анық­тай­ды. Бұрын оны ең тө­менгі күн­көріс деңгейіне, инфля­цияға қарап белгілеген. Ке­лесі жылы ЕТЖ екі есе өседі», деген еді.

Бірақ биылғы жағдай де­путаттың айтқанындай болмай шықты. Бұған қоса Үкімет алдағы үш жыл ішінде ЕТЖ-ны медиандық жалақының 50 пайызына жеткізуді жоспарлап жатқанын айтқан. Осы мәселе айтылған 2024 жы­лы БАҚ беттерінде «7 жыл­да елдегі ең төменгі жала­қы 125 мыңға жетеді, мұн­дай межені Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі белгілеп отыр» деген ақпарат шықты. Содан соң бастама туралы министр Светлана Жақыпова егжей-тегжей түсіндіріп берді.

«2030 жылға дейін әзір­ленген тұжырымдамаға сәй­кес біз 34 пайыздан бастаймыз. Ең төменгі жалақыны 125 мыңға жеткізуге экономикамыз 2024 жылы да­йын болады деп айта ал­май­­­мын. Мақсатты межеге жету үшін бизнестің дамуы, еңбек өнімділігі артуы керек. Әр адамның, әр отан­дасымыздың ынтасы болуы қажет. Жоспарға жетуге бір ғана министрлік емес, бәріміз жұмылуымыз керек», деген еді министр.

Министр айтқандай, эко­­номиканың ЕТЖ-ны кө­теруге қашан дайын бола­тыны белгісіз. Яғни ел эко­номикасының ертеңін ешкім нақты болжап айта алмайды. Экономикамыздың табысына сәйкес медиандық жалақы да өзгеріп отырады. Десек те кейінгі жылдары оң динамика бар. Бірақ медиандық жалақы елдегі ор­таша айлықтан төмен.

Сарапшылардың айтуынша, Үкімет осы тұста төменгі жалақыны арттыруда орташа айлықты емес, медиан­дық жалақыны негізге алып отыр. Жоғарыда аталған жаңа әдістің биыл қолданысқа ене­тініне де сарапшылар сен­бейді. Себебі үш жылдан бері еңбек министрлігі жаңа әдіс ұсынып келеді, расында мәлімдемелердің нәтиже бергенін әлі көре алмадық.

Материал басылымға да­­йын­далып жатқан кезде депу­тат Еркін Әбілмен хабар­ласудың сәті түсті. Бірден «Былтыр келесі жылы ЕТЖ екі есе өседі деп едіңіз...» деп сауал қойдық.

«ЕТЖ-ны көтеру – «Аmanat» партиясының сай­лау­алды бағдарламасы бо­ла­тын. Шынын айтқан­да, мұны Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министр­лігі созып жіберді. Бір қызығы, ЕТЖ-ны есептеудің жаңа тәсілін былтыр сәуір айында бекітті. Сәуір айында бекітілген соң биыл дайын болады деп ойладық. Мұны өсірудің екі тәсілі ұсыныл­ды, яғни ЕТЖ-ны мөлшерін көтерудің екі критерийі: бірі – медиандық жалақы, екін­шісі – еңбек өнімділігі. Біріншісі бар, екіншісі осы көктемде дайын болады. Бюджетті бекіткен кезде «Неге біз ЕТЖ-ны есептеуде жарты жылдық айлықты не­гізге алмаймыз?» деп сұрақ қой­дым. Қысқаша айтқан­да, мұның бәріне министрлік дайын болмады. Сөйтіп, был­тырғы көрсеткіш сол қал­пында қалды. Мәжілістің қаржы комитеті ЕТЖ-ны 100 мыңға дейін көтеруді ұсынды. Жыл соңында тағы да барлық статистиканы ­­алып есептейді, сол есеп бо­йын­­ша 2026 жылдың бюд­же­ті­не өзгерістер енгізі­ліп, келесі жыл­ғы ЕТЖ мөл­шері бекі­тіледі. Біздің есебіміз­ше, ке­лесі жылы өсуге тиіс. ­Ке­мінде 100 мың болу ке­рек. Бұ­ған дейін ЕТЖ-ның қа­лай есептелетінін нақты білген ­де жоқпыз. Қазір формула­сы бар, ашықтық бар, енді жыл сайын өсіп отыруға тиіс», дейді Мәжіліс депутаты.