Қоғам • 27 Қаңтар, 2025

Нарықтық талдау: Клиенттер туралы білімді қалай сәтті жобаларға айналдыруға болады

67 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бәсекелестік күннен-күнге өсіп келе жатқан заманауи әлемде клиенттердің қажеттіліктері мен не қалайтынын білу компания сәттілігінің маңызды факторына айналып отыр. Өз клиенттерін зерттеуге нарықтық талдауды қолданатын ұйымдар клиенттерінің ойынан шығып қана қоймай, бейілділік пен табысты арттыратын сәтті жобаларды жүзеге асыра алады. Бұл туралы сарапшы, Құзыреттерді дамыту орталығының жетекшісі Анар Сапабекқызы Қараманова кеңірек әңгімелеп берді.

Нарықтық талдау: Клиенттер туралы білімді қалай сәтті жобаларға айналдыруға болады

МТАЖО портфелінде ҚР ПІБ жүйесіндегі ведомстволық ұйымдар жұмысшыларының soft және hard skills, цифрлық және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған онлайн және күндізгі оқу форматтарындағы 70-тен астам білім беру шешімі бар. Нарықты зерттеу бойынша курс та олардың қатарында.

Нарықтық талдау деген не?

Нарықтық талдау — тиімді стратегиялар әзірлеу мақсатында нарық, бәсекелестер және тұтынушылар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау процесі. Ол бизнеске мақсатты аудиториясы үшін не маңызды екенін, ол қандай мәселелерін шешкісі келетінін және өнім немесе қызмет бұл қажеттіліктерді қалай қанағаттандыра алатынын түсінуіне көмектеседі.

Клиенттер туралы мәліметтердің маңызы

Заманауи компаниялар өз клиенттері туралы демографиялық ақпараттар бастап сайттағы әрекетіне талдауға дейінгі ауқымды мәліметтерге ие. Бұл мәліметтерді келесілер үшін пайдалануға болады:

  • дербестендірілген қосымшалар әзірлеу;
  • қызмет көрсету сапасын жақсарту;
  • маркетингтік кампанияларды оңтайландыру;
  • жаңа өнімдерді әзірлеу.

McKinsey зерттеуіне сәйкес, мәліметтерді шешім қабылдауға пайдаланатын компаниялар табысын бәсекелестерге қарағанда 5-10% арттырып, шығындарын 15-25% қысқартады.

Мәліметтерді талдауға арналған құралдар

Клиенттер туралы мәліметтерге талдау жасауға арналған көптеген құралдар бар, олардың қатарында:

  1. CRM-жүйелер. Клиенттер туралы ақпаратты басқаруға, брендпен өзара қызметті бақылауға және олардың әрекетін талдауға көмектеседі.
  2. Веб-аналитика жүйелері. Google Analytics сынды жүйелердің қолданушылардың сайтпен қалай өзара әрекет ететінін бағалауға мүмкіндігі бар.
  3. Ауқымды мәліметтерді өңдеуге арналған платформалар. Мысалы, Apache Hadoop және Microsoft Power BI.
  4. Сауалнамалар және фокус-топтар. Клиенттермен тікелей өзара әрекет олардың не қалайтындары мен не күтетіндері туралы бағалы ақпарат береді.

Нарықтық талдауды бизнес-процестерге қалай ендіруге болады?

  1. Мақсаттарды айқындаңыз. Қандай проблеманы шешкіңіз келетінін немесе қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келетінін нақтылаңыз.
  2. Мәліметтерді жинаңыз. Клиенттер туралы ақпарат жинауға арналған қолжетімді құралдар мен дереккөздерді пайдаланыңыз.
  3. Мәліметтерді талдаңыз. Заңдылықтар мен инсайттарды анықтау үшін аналитикалық құралдардың қолданыңыз.
  4. Стратегияны әзірлеңіз. Жиналған мәліметтер негізінде жұмыс жоспарын құрыңыз.
  5. Тестілеңіз және оңтайландырыңыз. Өзгерістерді енгізіңіз, олардың нәтижелерін бақылаңыз және тәсілді түзетіңіз.

Нарықты сегменттеудің маңызы

Нарықты сегменттеу сәтті нарықтық талдау жасауда негізгі рөлге ие. Аудиторияны түрлі — демографиялық, географиялық, әрекеттік немесе психографтық белгілері бойынша топтарға бөлу арқылы компаниялар барынша мақсатты ұсыныстар жасауға мүмкіндік алады. Мысалы, бір жарнамалық кампанияны ерлер мен әйелдер, жастар мен зейнеткерлер, ірі қалалар тұрғындары мен шағын елді мекендерде тұратын әртүрлі қабылдауы мүмкін. 

Сегменттеу келесілерге мүмкіндік береді:

  • Кампанияның дәлдігін арттыру есебінен маркетинг шығындарын азайту.
  • Дербестендірілген тәсіл арқылы клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру.
  • Әрбір сегментке бірегей ұсыныстар жасау арқылы бәсекелестерді басып озу.

Трендтерге болжам жасау

Нарықтық талдау клиенттердің ағымдағы қажеттіліктерін анықтап қана қоймай, болашақта не күтетінін болжауға да мүмкіндік береді. Ауқымды мәліметтерді талдау, әлеуметтік желілерді зерттеу және сатып алушылардың әрекетіне мониторинг жасау компанияларға өз стратегияларын тренд бұқаралық деңгейге шығып кеткеннен әлдеқайда бұрын бейімдеуге жол ашады.

Оған тұрақты тұтынушылыққа қызығушылықтың артып келе жатқаны мысал бола алады. Экологиялықты өз стратегиясына біріншілердің қатарында қосқан компаниялар клиенттердің сенімін жаулап, нарықтағы өз үлесін арттырды.

Мәліметтерді тұрақты түрде жаңартып отыру

Нарықтық талдау бір реттік шара емес. Әрдайым бәсекеге қабілетті болу үшін компаниялар мәліметтерін тұрақты түрде жаңартып, өз стратегиясына бейімдеп отыруы тиіс. Бұл әсіресе жылдам өзгеріп жатқан әлем жағдайында маңызды, бүгінде клиенттердің қалауы бірнеше ай ішінде өзгеріп кетуі мүмкін.

AI және машиналық оқу сынды автоматтандыру құралдары мәліметтерді тап қазіргі режимде өңдеп, әп-сәтте стратегияға бейімдеуге жол ашты, бұл бизнеске айтарлықтай басымдық береді.

Нарықтық талдау — клиенттер туралы білімді сәтті жобаға айналдыруға арналған қуатты құралы. Мәліметтерді сауатты пайдаланатын компаниялар бірегей өнімдер жасап, қызмет көрсетуді жақсартып, бәсекелестерін басып оза алады. Цифрландыру және ауқымды мәліметтер дәуірінде талдау мүмкіндіктерін елемеу — өсу мен даму мүмкіндігінен құр қалумен тең.