Технология • 06 Ақпан, 2025

Биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі іске қосылады

4426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Аида Балаева саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz

Биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі  іске қосылады

фото: ҚР Ұлттық музей

«Цифрландыру ақпарат кеңістігінің ашықтығын арттырып, халыққа жедел әрі сапалы мәлімет жеткізуге мүмкіндік берері анық. Бұл әсіресе жалған ақпаратпен күресуде өте маңызды. Біз Big Data және жасанды интеллект негізінде ақпарат ағынын сүзгіден өткізіп, қоғамға сенімді ақпарат тарату жүйесін жетілдіруге тиіспіз», деп атап өтті Аида Балаева.

Министр сонымен қатар ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, рухани мұраны кеңінен насихаттаудың маңызына тоқталды. Осыған байланысты архив, кітапхана және музей қорларын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Аида Балаеваның айтуынша, қазақтың ұлттық фольклорын интерактивті, анимациялық, инфографикалық және иллюстративті форматта жасау жоспарланған. Бұл мақсатқа жасанды интеллект технологиялары қолданылмақ.

«Биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі «E-museum» веб-порталын ашуды жоспарлап отырмыз. Әлемнің кез келген бұрышындағы пайдаланушылар мәдени мұраларымызды 3D модельдер арқылы тамашалау үшін көрнекі және интерактивті технологиялар енгізіледі», деді министр.

Алға қойылған жоспарлардың қатарында қазақстандық фильмдер, сериалдар мен анимациялық туындыларды қамтитын стриминг платформаны іске қосу бар.

Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында министрлік «Батырларға тағзым» атты онлайн-платформаны іске қоспақ. Бұл платформада екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы мәліметтер ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025