Заң мен Тәртіп • 13 Ақпан, 2025

Былтыр тұрмыстық ауыр қылмыстар саны азайған

600 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхаиров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр тұрмыстық ауыр қылмыстар саны азайған

Фото: ОКҚ

Р.Зұлхайровтың айтуынша полиция профилактикалық әңгімелесуден бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін барлық алдын алу шараларының кешенін қабылдайды. Алайда, статистика көрсеткендей, жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шамамен 100 мыңнан астам хабарлама келіп түседі екен.

Еске салайық, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтіп, жағдайды түзеу үшін былтыр Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойғаны мәлім.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша ел бойынша ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 7 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді, бұған дейін аталған әрекеттерге барғандар әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылғаны мәлім. Біз неғұрлым ауыр тұрмыстық қылмыстарды 2,2%-ға, оның ішінде кісі өлтіруді 6,4%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді 25,5%-ға және денсаулыққа орташа ауыр зиян келтіруді 12%-ға төмендетуге қол жеткіздік», деді спикер.

ІІМ елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды. Атап айтқанда:

- кәмелетке толмағанға қатысты зорлық - зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды;

- жас адамды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған;

- ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін жауапкершілік күшейтілді;

- 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы қателік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;

- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.