
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Эко-хабта студенттер пластикті қайта өңдеп, оны түрлі заттарға (сағаттар, жануарлар мүсіндері және т.б.) айналдыра алады. Сонымен қатар, мамандар шеберлік дәрістерін өткізіп, гринвошинг мәселесі туралы ақпарат береді.
Жобаның негізін қалаушы Евгений Мұхамеджановтың айтуынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұрғысында студенттер қозғаушы күш бола алады.
Алматы қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше осындай эко-хабтарды әрбір оқу орнында іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша жоба қалалық деңгейге дейін кеңейеді. Бағдарлама серіктестері қатарында алғашқы университеттердің бірі болып ҚазБСҚА аталған, сондай-ақ қаладағы тағы бірнеше университеттер эко-хаб ашуға дайындалып жатыр. Бұл білім беру мекемелерінің өз қызметін «жасылдандыруға» деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.