04 Тамыз, 2015

550 жылға – 550 шақырым

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 1 тамызы күні сағат 10:00-де Ақмола облысы Бурабай ауданында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафон басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның ел болып қалыптасуындағы тарихи кезеңнің маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Марафон үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауында көрініс тапқан Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңынан басталып, Ақмола облысы, Астана қаласы және Қарағанды облысы арқылы өтіп, Ұлытау жерінде мәреге жетеді. Ұзақ қашықтыққа жүгіруді елге танымал Балғабай Күлпейісов пен Қалибек Әбілов бастады. «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова: «Бұл шаралар қоғам бастамасы болып табылады және осы жылы қазақстандықтар атап өтетін мерекелерге арналады. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы өз заманының батырларымен байланысты және қазіргі жастар олар туралы білулері тиіс», – деді.

«Егемен-ақпарат».