30 Маусым, 2010

НҰРСАЯ – НҰРЛЫ САЯ БОЛМАҚ

805 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы мәселелі үй деп танылып, құрылысы енді аяқталып жатқан Нұрсая тұрғын үй кешенінің ашылуына қатысты. Мемлекет басшысы арнайы келіп көрген “Нұрсая” ТК “АҚҚБ “Жаңа құрылыс” ЖШС құрылыс секторын тұрақтандыру және Астана қаласындағы проблемалық нысан үлескерлерін қолдау шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген 15,2 млрд. теңге трансферт шеңберінде салынды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 487 пәтер бар, оның 240-ы бұрынғы үлескерлер еншісінде. Астана қала­сының әкімі Иманғали Тасма­ғам­бетов Мемлекет басшысын құры­лы­сы енді аяқталып, үлескерлерге пәтер кілті табысталатын жаңа тұр­ғын үй кешені туралы кеңірек та­ныс­тырып өтті. Елбасы қала әкімі­нен үлескерлер саны мен одан ар­тық қалатын пәтерлер туралы сұ­ра­ды. Бұдан соң кешендегі “Бала­пан” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оның бірінші қабатта орналасқан мектепке дейінгі бала­ларды тәрбиелейтін шағын орта­лық­ты аралап көрді. Шағын орта­лық­тың көлемі 2 536 шаршы метр, ол мектеп жасына дейінгі 600-ден астам баланы қамтуға мүмкіндігі бар. “Нұрсая” ТК-дағы мердігерлік жұмыстарды аяқтау үшін 4 құры­лыс компаниясы – “Казстрой­подряд” ЖШС, “Астанатранс­строй” БК ЖШС, “Политренд Ас­тана” ЖШС және “КапиталСтрой-ЕН” ЖШС жұмысқа тартылды. Жаңа тұрғын үй кешенін салған мердігер компаниялардың бірі “Казстройподряд” ЖШС-тың ди­рек­торы Хикмет Аталай жаңа ке­шен­нің 2 жыл кепілдігі бар екен­дігін, сондай-ақ қабылдаған кезде үйдің кейбір бөліктері 25 пайызы ғана дайын күйде болғандығын ай­тып өтті. Ал көлік қоятын орын­ның 60-70 пайызы дайын болған. Жұмыс барысында 200-300 адам жұмыспен қамтылыпты. Астана күні қарса­ңында аяқталып, тұрғын­дар игілігіне берілетін пәтерлер саны бұнымен шектелмек емес. “АҚҚБ “Жаңа құрылыс” ЖШС үлескерлерге 6 тұрғын үй кешенін қолданысқа бермек, ондағы жалпы пәтерлер саны 2 285. Сондай-ақ жыл соңында тағы 2 проблемалық нысанның, атап айтсақ “Тұрсын Астана” ТК және “Гранд Астана” ТК құрылысы аяқталып, “жыры бітетін” көрінеді. Дағдарыс кезінде тұралап қал­ған жылжымайтын мүлік, атап айт­қанда тұрғын үй құрылысы саласын қолдау және үлескерлер пробле­ма­сын шешу жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру барысын­да проб­лемалық деп танылған 19 нысанның 17-сінің құрылысы жуық уақытта аяқталмақ. Осылайша би­ыл­ғы жылы үлескерлер жалпы ауда­ны 477 мың шаршы метрді құ­райтын 4 732 пәтермен қамтамасыз етіледі. Венера ТҮГЕЛБАЙ.