Енді негізгі әңгімеге оралайық. Бізді қызықтырғаны осы портреттің Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында сақталуы болды. Оның келу «тарихын» мекеменің қызметкері Жібек Жүзенова айтып берді .
– Қазақстанның халық суретшісінің ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Амангелді Имановтың портретін қалай салғаны жайлы аңызға бергісіз әңгімелер көп. Жұрттың есінде қалған батырды салу үшін Торғай елін бірнеше ай бойы аралап, деректер жинаған. Көзкөрген замандастарымен кездескен. Абайдың бейнесін кескіндегенде Шыңғыстауға бірнеше мәрте барған. Ол жайында биыл «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қастеевтің беймәлім туындысы» мақаласында Семейдегі Абай мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева жақсы баяндаған.
Сүйінбай Аронұлы сынды шешендігімен, жыршылығымен, қайраткерлігімен аты шыққан айтулы жанның портретінің Қызылжар өңірінде сақталғанын солтүстікқазақстандықтар мақтаныш етеді. Мұнда Ә.Қастеевтің 5 кескіндеме және 3 графика туындылары қойылған.
Жамбылдың ұстазының суреті 1972 жылы салынған. ХІХ ғасырда Жетісу өңірінде өмір сүрген ақынның фотосуреті болмағандықтан кескін-келбетін оның ұрпақтарының айтуымен айнытпай келтірген. Ол туралы суретші 1972 жылдың 23 маусымында «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Сүйінбайдың суреті» атты мақаласында: «Алатаудай ақиық ақынның сурет бейнесін жасаумен шұғылданғаныма, міне, жылдан асты. Ақынның өмірі мен творчествосына қатысты деректердің бәрімен түгелдей дерлік таныстым. Сүйінбайдың фотопортреті жоқ. Сондықтан бұдан 80 жыл бұрын өмір сүрген атақты адамның қас-қабағы, маңдайы, көзі, мұрын бітісі, ерін, жақ, иек, тағы басқа анатомиялық кескіндері қандай еді деген сұрақтарға жеке-жеке анкеталық анықтамалар алдын ала берілді. Содан соң олардың барлығы біртұтас күйге келтірілді», – деп шығармашылық лабораториясы жайлы ақпарат береді. Іздену кезінде немере қызы Үкіжан Сыпатаева мен аталасы Мырзабай Сатаевпен ақылдасқанын, ақынның бет-әлпеті, пішін-келбеті немере ұлы – Тоғызбай Малыбаевқа келетінін, оның да фотосуретін жан-жақты зерттегенін, өзге де туған-туыстарының кескін-келбетін назардан тыс қалдырмағанын, отбасылық ортақ белгілерін анықтағанын тілге тиек етеді. Қылқалам иесінің бастаған ісін қашан аяқтағанша жұмыс орнынан тұрмайтын әдеті болған. Соңғы нүктесі қойылып, бояуы кеппеген портретті ақынның туған-туыстарына көрсеткенде Үкіжан Сыпатаева: «Сүйінбайдың кескін-келбетіне дәл келеді. Мен осы бейнені Сүйінбай деп танимын», деп жылап жіберсе керек. Ақынның зор ізденіспен дүниеге келген түпнұсқалық портретінің облысымызда сақталуы абырой екені талассыз. Осындағы «Жоңғар таулары» (1965 ж.), «Сүдігер жырту» (1961ж.), «Жайлауда», «Колхоз қырманы», «Алматы өзенінің көрінісі» және «Натюрморт» (1961ж.), «А.Айтиленовтің портреті» (1951 ж.) атты картиналары да мұражайдың жауһарына айналған.
Ж.Жүзенованың айтуына қарағанда, кеңес өкіметі тұсында облыстық бейнелеу өнері мұражайларының қорын Алматы мен Мәскеу қалаларының Суретшілер одағы жасақтап отырған. Сол кезде жергілікті мұражай Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің де белгілі суретшілерінің туындыларымен толыққан. Бұл дәстүр еліміз егемендік алғанға дейін жалғасқан. «Сүйінбай» портреті және жоғарыда аты аталған картиналарды Петропавл қаласына өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы және көркемөнер көрмелері басшылығы амалсыздан жіберген. Қаржының жетіспеушілігінен осындай қадамға барып, жер-жерлерге таратқан. Бұл суреттің тарихы мұнымен аяқталмайды. Тәуелсіздік салтанат құрғаннан кейін картинаның екінші тынысы ашылды десек, қателеспейміз. Көк байрағымыз желбіреп, Ұлттық валюта – теңгеміз айналымға шықты. 1993 жылы 15 қарашада айналымға шыққан теңгенің алғашқы нұсқасындағы 3 теңгеде Сүйінбайдың портреті бедерленген. Банкнот жасыл-сұр түсті. Оның оң жағында халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналасқан. Бұл да болса, Ә.Қастеевтің қылқаламынан туған суреттің тарихи маңызын көрсетсе керек, – деді сөзінің соңында мұражай қызметкері.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
журналист.
ПЕТРОПАВЛ.
(Сурет облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорынан алынды).

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше