Ата заң • 05 Ақпан, 2026

Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиевтің айтуынша, Конституция жобасының орыс тіліндегі нұсқасында техникалық қате кеткен. Соған байланысты 18-бапқа қатысты заңгерлерден бірқатар ұсыныс түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті

Конституция жобасында 18-баптың екінші тармағында «адамды сот шешімінсіз заңда белгіленген мерзімнен артық ұстауға болмайтыны» көрсетілген. 

Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

«Аталған баптың екінші тармағында адамды соттың шешімінсіз заңда көзделген мерзімнен ұзақ ұстауға болмайтыны көрсетілген. Жалпы алғанда, бұл тұжырым дұрыс. Алайда орыс тіліндегі аудармасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сол себепті кейбір мамандар сот шешімінсіз күдіктіні ұстауға мүлдем болмайды деп түсіну қаупі бар екенін айтып жатыр. Қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі», деді Бас прокурордың орынбасары.

Осы ретте Ж.Өмірәлиев осы норманы техникалық жағынан қайта қарауды ұсынды.

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

Соңғы жаңалықтар