Осыған орай, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
«Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді деп күтіліп жатыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Өскемен және Үрімші қалалары арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін екендігін хабарлаған едік.