14 Тамыз, 2015

Халықтың еркін білдіру – мерейлі міндет

627 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

000 (5)

Еліміздің Ата Заңында: «Жер­гілікті өкілетті органдар – мәс­лихаттар тиісті әкімшілік-аумақ­тық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» делінген.

Халықтың еркін білдіру – әр депутатқа мерейлі міндет жүктеп, өзінің құзыры арқылы билікке араласуға мүмкіндік береді. Мәслихаттар жүйесі алғаш құрылған күнінен бастап, әкімшілік-аумақтық бірлікті басқаруда жергілікті басқару тетігінің құзыретін кеңейтуге атсалысып келеді. Бұл талаптар еліміздің жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көрініс тауып, әр азаматтың биліктің қайнар көзі бола алатындығын айқындайды. Сондықтан аталған заңнаманы қолдану тәжірибесі жергілікті өкілетті органдардың жұмысындағы жағымды жақта­рын көрсетумен қатар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің кемшін тұстарын да анықтап берді. Мәслихат депутаттары жұмысының тиімділігін артыру үшін жоғарыдағы заңнамаға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені де жұртшылыққа мәлім. Онда жергілікті өкілетті органдардың құзыретін кеңейтуге барынша назар аударылды. Бұған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін жедел шешімдер қабылдау арқылы еліміздің экономикалық даму қарқынының өсе түскені ықпал етті. Осы орайда, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар арасында жергілікті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін өзара жедел қарым-қатынас пайда болғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда біздің аудандық мәслихатта 13 депутат бар. Олардың дені халық арасында беделді азаматтар. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, аграрлық сектор, білім беру, медицина салаларының қызметкерлері халықтың өкілі ретінде өңір дамуына өз үлестерін қосып жүр. Әсіресе, әріптестерімнің жұртты толғандырған барлық мәселелерде белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсететіні, прин­циптілік танытатыны олардың ел арасындағы беделін өсіре түскенін айтқан жөн. Халық қалаулылары өз сайлаушыларымен тұрақты түрде кездесіп, әртүрлі құқықтық көмектер көрсетіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған мәселелерді шешуге ықпалдасады. Сайлаушылар алдында есеп беру, тұрғындарды өтініштері бойынша қабылдау өкілетті органды халықпен жақындастыра түсті. Мұндай қабылдаулар тек жұмыс орындарында ғана емес, сонымен қатар, бекітілген кесте бойынша «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында да жүргізіледі. Қандай өтініш болсын, жерде қалмай, тіркеуге алынып, дер кезінде жауаптар қайтарылады. Сонымен бірге, түрлі сипаттағы ақыл-кеңестер беріліп, құзыретті органдар арқылы мәселені шешу тәртібі түсіндіріледі. Біздің депутаттарымыз әкім­діктің тұрғын үй, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарына материалдық көмек көрсету жөніндегі комис­сиялардың, үкіметтік емес ұйым­дардың, дін істері, жастар сая­саты, отбасы және демогра­фиялық саясат жөніндегі кеңес­тері жұ­мыстарының бел орта­сын­да жүреді. Ең бастысы, халық қалаулылары ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі іс-шараларға ұйытқы бола білетіндігінде деуіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларын жан-жақты түсіндіру жұмыс­та­рына да барынша атсалысып, арнайы үгіт-насихат топтарына кіріп, тиянақты қызмет атқару депутаттарымыздың бас­ты ұстанымы. Себебі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты қолдау тауып, әлемдік деңгейде де көптің көңілінен шығып отыр. Қазіргідей жаһандық қаржы дағдарысынан қиындықсыз шығудың қамын жасап жатқан Елбасымыздың қажыр-қайраты өз халқын өркениет биігіне көтеруге ұмтылған талпынысын көрсетсе керек. Сондықтан, бұл істе мәслихат депутаттарының үні басым шығатыны айқын. Мәслихат жұмысының көп­салалы қызметінің тұтқасы – сес­сиялар болып табылады. Өткен жылы осындай он бес сессия өтті. Онда қарасты­рыл­ған мәселелердің жиынтығы да әр алуан болды. Өңір тірші­лігіндегі өзгерістерге байланыс­ты жергілікті бюджет, оны қабыл­дау және өзгертулер мен толық­тырулар енгізу мәселелеріне көбірек назар аударылды. Біздегі тұрақты комиссиялар экономика және бюджет, әлеуметтік саясат, заң, құқықтық тәртіп және депутаттық этика мәселелері бойынша жұмыс істейді. Әр комиссия құрамында төрағаны есепке алғанда, алты депутаттан бар. Ал, енді олардың жұмысына тоқталсақ, биылғы жылдың басында депутаттардың біріне қала тұрғынынан Ақкөл қаласында қаңғыбас иттерді аулау бойынша жұмыс ойдағыдай орындалмайтындығы туралы элек­тронды шағым келіп түсті. Үш жұмыс күні ішінде же­дел түрде әлеуметтік саясат, заң, құ­қықтық тәртіп және депутат­тық этика мәселелері жөнін­дегі комиссия отырысы өткізіл­ді. Оған Ақкөл қаласы әкім­дігінің өкілдері, «Ақкөл Ветсер­вис» шаруашылық жүргізу құқы­ғындағы коммуналдық мем­ле­кеттік мекеме басшысы шақы­ры­лып, депутаттар алдында олар­дың аталған сауалға сәйкес хабарламалары тыңдалды. Сөйтіп, арнайы мекеменің бұл бағыттағы жұмысты әлсіретіп алғаны сынға алынды. Комиссия аталған мәселені талқылай келіп, жауапты тұлғаларға ескертулер жасап, сәйкесінше қаулы қа­былдады. Сөйтіп, өтініш білдір­ген қала тұрғынынан жағдайға жедел түрде шара қолданғаны үшін алғыс білдірген хат келіп түсті. Тағы бір айта кететін жағдай, аталмыш комиссия ауылдық округтерде өзінің көшпелі отырыстарын өткізуді дәстүрге енгізді. Мұндай жиындарды өткізудің мақсаты – жергілікті жердегі жағдаймен танысып, оған тиісінше шара қолдану болып табылады. Сайлаушылардың өздері де комиссия жұмысына араласып қатысуы, оның қызметінің тиімділігін жоғарылатуға мүм­кіндік береді деп ойлаймыз. Мысалы, мәслихат комиссиясы Новорыбинка селолық округінің әлеуметтік-мәдени нысандарымен, атап айтқанда, мәдениет үйінің, мектептің жағдайына жан-жақты қанықты. Тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың мұң-мұқ­тажына да құлақ түрді. Кез­­­десу барысында селолық округ әкімі өзінің атқарып жатқан жұмы­­сы туралы хабардар етіп, қазіргі күні ауылда оң өзгерістер орнықты. Осындай шара Қарасай ауылдық округінде де өткізілді. Онда округтің көкейкесті мәсе­лелері қарастырылып, сайлаушылармен, округ басшылығымен пікір алмасылды. Барлық ескертулер мен ұсыныстар назарға алынып, оларға тиісінше шаралар қарастырылды. Халық қалаулылары «Үш бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасында да болды. Аталған нысан, жалпы алғанда, аудан және Ақкөл қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор кәсіпорын болып табылады. Депутаттар құс фабрикасының өндірістік және әкімшілік ғимараттарымен танысып, өндіріс қуатын арттыру жөнінде ұсыныстар айтты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі де ұдайы назарда ұсталады. Жұмыс­сыз­дықты азайтуға ықпал ететін бағ­дарламаның өміршең­дігіне көңіл бөлініп, бұл бағыт­та мақ­­сатты жұмыстар істеу тетік­­тері айқын­далды. Өткен жылы мәс­лихат депутаттары «20 қайырымды іс» жобасы­ның аясында әлеуметтік аз қорға­латындар санатына жататын азаматтарға, зейнеткерлерге азық-түлік, отын сатып алу, телефон орнату сияқты көмектер көрсетті. Ал, жыл сайын «Мектепке жол» акциясына белсене араласып, мұндай игі істен сырт қалмаудамыз. Биылғы акцияны депутаттардың бастап отырғаны жерлестер жүрегіне жылылық ұялатты. Бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, оны мақсатты істерге ұқсата білу аса маңызды екенін назарда ұстаудамыз. Әсіресе, ақша үнемдеу негізінде бюджетті нақтылау, өз кезегінде Елбасы қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізді. Аудандық мәслихаттың депутаттары аймақ бюджетінің жобасын мұқият қарап, тиісті шешім қабылдауға өз үлестерін қосатын болады. Оның нақты қайтарымы тұрғындар игілігінің молаюынан көрініс беруде. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жөніндегі реформалық бағдарламасы да аудан депутаттарын жігерлі жұмыстарға жұмылдыруда. Әсіресе, институттық рефор­ма­дағы мемлекеттік билік әлеуетін жақсарту жөніндегі міндеттер күнделікті назардағы іс ретінде жауапкершілікті күшейткенін айтуымыз қажет. Елбасының қойып отырған талабы да осыға саяды.

Жұлдызай САЛЫБЕКОВА, Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы.

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20