Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Президенттің маңызды бастамаларының бірі», деді Үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен жыл сайын қаражат аударылады, оны әр бала 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында пайдалана алады.
«Бағдарлама жүзеге асырылған үш жыл ішінде еліміздегі жеті млн баланың шотына 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды», деді Премьер-министр.
Сонымен қатар Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы бекітілгенін, ол Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша барлық қолданыстағы және жоспарланған іс-шаралардың басын біріктіретініне тоқталды.
«Аталған құжат елдегі әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз ететін орнықты мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады», деді Олжас Бектенов.