Әлем • 28 Сәуір, 2026

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ ұйымдарынан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ел билігі ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді

Мұндай қадам ұзақ мерзімді экономикалық жоспар аясында жасалып отыр. Енді мемлекет энергетика саласына инвестицияны күшейтіп, мұнай өндіруде еркін саясат жүргізуді көздейді.

Билік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда әлемде энергия ресурстарына сұраныс артып келеді. Сондықтан ұйымнан тыс жұмыс істеу елге нарық жағдайына тез бейімделуге мүмкіндік береді.

ОПЕК қоры Қазақстанның жеке секторын қаржыландырады

Сонымен қатар БАӘ әлемдік энергетика нарығындағы сенімді серіктес болып қала беретінін және тұрақтылыққа үлес қоса беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар