07 Наурыз, 2015

Сөз сойыл №3

409 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
8-nauryzОТБАСЫНДАҒЫ «ОШАҒАН» Күйеуі әйеліне: – Сен таңға дейін осылай отырып ұйықтамақсың ба, дұрыстап жатпайсың ба? – Ертең кешке тойға барамыз ғой, прическам бұзылып кетпесін деп... * * * Әйелі күйеуіне: – Осы демалыста «Құдаларға» барып қайтайықшы, мен екі билет алып қойдым. – Сонау Оралға дейін үш күн, бері үш күн жүреміз, жұмысты қайтеміз? – Мен саған Әуезов театрындағы «Құдаларды» айтып тұрмын... * * * Әйелі базардан ауыр сөмке көтеріп келгенде күйеуі жанашырлықпен: – Жаным, саған ауыр көтеруге болмайды ғой. Бұл әдетіңді қойғаның жөн болар еді. – Басқа қандай жолы бар? – Ең дұрысы, сен ерінбей екі рет барып кел... * * * Бір байшыкеш кешке үйіне келгенде әйелі: – Тамақ ішесің бе? – дейді. – Не бар? – Қара уылдырық, бұлғар шарабы, қазы-қарта, жал-жая... – Шіркін, баяғыдай қара нан мен қара шай болса ғой... – Ол үшін елдің еркектері сияқты адал жұмыс істеу керек!.. Әйелдер «әлдиі» – Сен күйеуіңе кезінде бір көргеннен ғашық болдың ба? – Жоқ, екінші рет көргенде. – Сонда қалай? – Бірінші көргенде мен оның бай екенін білгенім жоқ. * * * 778_tyulpanБойжеткен қыздар сырласып отыр: – Жағдайы жақсы, зәулім үйі мен саяжайы, қымбат автокөлігі бар, жұмысы жайлы, табысы мықты, ұйқысы тыныш, айтқаныңа көнетін еркекпен танысып, көңіл қосқым келеді. – Депутаттардың ішінде бойдағы жоқ-ау, шамасы... * * * – Менің күйеуім арақты қойып кетті. Қазір мүлде ішпейтін болды. – Менің де күйеуім азайтты. Бұрынғыдай аты-жөні жоқ сілтей бермейді. Ол қазір екі-ақ себеппен ішіп жүр. Біріншісі – мереке күндері. Екіншісі моншаға барғанда ғана, – дегені сол, бұның күйеуі кіріп келеді де: – Жаным, бүгін қандай мереке? – дейді. – Ешқандай мереке емес. – Онда мен моншаға барып келейін... * * * Түнгі үштерде баласы оянып: – Мама, бір ертек айтып берші, – дейді. Сонда шешесі қатуланып: – Қазір әкең келсін, екеумізге де «ғажап» ертегісін айтып береді... – деген екен. Біздің жеңгей тамаша («Біздің ағай тамаша» әнінің желісімен) Біздің жеңгей қызық адам, тамаша, Жымыңдайды тиын-тебен санаса... Ағайымның айлығы сәл кем болса, Бұрышқа әкеп тұрғызады, Тұрғызады балаша. Қайырмасы: Ағай келсе кешігіп Жауап таппай терлейді. «Қақпас, қайда жүрсің?» деп Жеңгей әбден тергейді. Біздің жеңгей «тамаша». Жеңгемізді ағай қалай мақтасын? Жамандаса тағы білер жақпасын. Артықтау сөз айтар болса ағайым Не болады, құдай өзі сақтасын. Қайырмасы: Алжапқышын байлап ап, Ағай тамақ жасайды. Жеңгей болса жекіріп, «Тұзы кем» деп асайды... Біздің жеңгей «тамаша». Кірпіктері найзалардай қайқайған, Аузы тіпті босамайды айқайдан. Ағамызды баласындай жұмсайтын, Осындайлар кездеседі, Кездеседі, ой, қайдан?! Қайырмасы: Болмай ма екен әйелде, Мейірім мен қайырым. Жеңгей отыр, әнеки, Жия алмастан айылын... Біздің жеңгей «тамаша». Әкім ЫСҚАҚ. АСТАНА. Ұялып кеттім азилСаябақтың ішінде желе жортып келе жатыр едім, отырғышта шұқшиып кітап оқып отырған он сегіз-он тоғыздар шамасындағы әдемі бойжеткен кенет бетіме барлай қарап қалғандай болды. «Енді бізге қыз қарайды дейсің бе», деп өзіме қарауды ұмытқалы қалай болса солай, өлпі-сөлпі түріме жынымның келгені бүгін ғана шығар. Өзімді қолайсыз сезініп, сонда да болса деп тұла бойымда ширатып, ебедейсіз ыржиып, қасынан өте бергенім сол еді, әлгі сұлуым: – Аға, сізден бірдеңе сұрауға бола ма? – деді сызылып. Мұнша толқымаспын! Мойнына бұғалық түскен асаудай тыпырладым да қалдым. «Аға» деген даусың­нан айналайын! – Аға, бәлкім, аз уақы­тыңызды бөліп, жаныма отырарсыз? Құдайым-ай, құлап қалмасам болар еді… – Ә, иә, иә, – деп басымды шұлғи бердім. Біреуге ұқсатты ма, әлде бойымнан мін іздеді ме, бойжеткен түрімді тағы бір барлап алды да: – Аға, жасыңыз нешеде?– деді. Жүрегім тас төбеме шықты! Ойпырмай, не десем екен? Отыз­дамын десем бе? Жоқ, отызға онша келіңкіремеймін… Қырық десем… Ойбай, қырық деуге болмайды. Қазіргі қоғамда қырықтан жағымсыз жас жоқ. Қай жерге жұмыс іздеп барсаң да «қырықтан асқандарды қабылдамаймыз», деп безірейіп отырғандары. Қамал бұзар қырықтағы бейбақты жұ­мыс істеуге қабілетсіздер қата­рына қосып қойғанда, қызбен «қы­рық­тамын» деп танысу қолыңа қонғалы тұрған бақыт құсыңды өз қолыңмен ұшырғандай ғой... Үнсіз тұрып қалсам керек, әлгі қыз: – Шамалауымша, аға, сіз елуден асқан боларсыз? – деді өзі болжам жасауға көшіп. Өзімді қырыққа қимай отырған мен шошып түстім. – Қайдағы елу, қарағым, мен отыздың бесіне енді келдім. – Ә-ә, – деді бойжеткен жәй­ба­рақат қана, – онда әлі жас екенсіз. Мен сізді түріңізге қарап үлке-ен кісі екен деп ойласам… Өкінішті! «Қап, бүлдірдім-ау! Бұл қыз­ға жасамыстар ұнайтынын біл­сем­ші… Әлде... әлі де кеш емес, жа­сымды жасырмай айта қойсам ба екен? Әй, тәуекел!» деп ойладым да: – Қа… қарындас, мен…сәл, былай, әзілдеп едім, мен негізі қырық жетідемін. Құдай қаласа, арғы жағында елу де менмұндалап тұр, – дедім. «Қарындасым» маған сынай бір қарады да: – Қырық жетідемін дейсіз, ә! Ымм…– деді біраз ойланып, – бі­рақ, бұл соншалықты көп жас емес... Мәссаған! Мына қыз мен ойлағандай періште емес сияқты! Емеурінін енді түсінгендеймін. «Қырық жеті жастың өзі аз» деді, ә! Ой, көргенсі-із!» – Айналайын, қарындас, – деп, енді еркінси бастадым, – сіз маған қазіргі заманның көзімен қарасаңыз мен сізге тіпті, де жас көрінбес едім. Өйт­кені, біріншіден, мен сияқты қырықтан асып, елуге жақындаған «боздақтарды» қазір еш жер жұмысқа алмайды. Екіншіден, жұмысы жоқ, қалтасында мыс-мыс ақшасы жоқ дәл мына біз сияқты міскіндерді көпшілігі бүгінде «шалдардың» санатына қосып та жіберген. Так что, сіздің мені «әлі жассың» деп көзге ілмеуіңізге ешқандай негіз жоқ. Қазір қырығы не, елуі не, бәрі де алпыстың орнына кете береді, – деп, қырық пен елуді «азсынып» тұрған қиғашқасым «алпыс» дегенге қалай қарар екен дегендей, түріне барлай үңілдім. – Ымм… – деді бойжеткен қолындағы кітабына қайта үңіліп, – бұл сөзіңізге келісемін. Бірақ, бәрібір, қырық жеті мен алпыс жастың арасында кө-өп айырма бар ғой, аға! Осыны мойындайсыз ба? «Ойпырмай, мына қыздың бетсізін-ай! Қандай көкбет, ұятсыз өзі!» Осы тәрізді біртүрлі ойларымды ішіме бүгіп: – Жарайды, – дедім оның айтқандарына көнгендей кейіп танытып, – мен сіз үшін тіпті, жас екенмін, ендеше, алпыс­та­ғы «арысыңызды» тауып, ар­ма­ны­ңызға жетуіңізге тілектеспін! Бірақ… – Иә, не бірақ? – Жоқ деймін-ау, он сегізге жаңа толған қырмызы қызғал­­дақтың жиырма бес, отыз, тіпті, қырықты місе тұтпай, тіпті, елуді де көзге ілмей, алпыс жастағы «кәрі қақпасты» таңдайтындай не басына күн туды?! Кенет, ұяттан жұрдай деп отырған бойжеткенімнің әппақ жүзі өрттей қызарып, сәл ғана қысылып қалғандай болды. – Ұялсам да айтайын, – деді сосын көзін төмен салып, – «кітап оқыған сайын өзімнің әлі өте аз білетінімді ұғына түсем… Ұғынған сайын өзімді сондай ақымақ сезінем… Кеше «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген керемет қызық ертегі оқыдым. Соны оқығалы алпысқа келіп, көпті көрген кісіден өміріме жетерлік ақыл сұрасам деген ой мазалап жүр еді... «Мәселенің мәнісін» енді түсінген мен, өмірді әлі ертегі деп түсінетін періште-қыздан қатты ұялып кеттім… Үміт ЗҰЛХАРОВА. АЛМАТЫ.

Мықтылық пен мыш болу Юрий Лихолетов.

Губкин газет оқып отыр еді, теледидардан сиқыршының әйелді арамен қақ бөлген таңғажайыбын тамашалап отырған әйелі: – Губкин, сенің анандай етіп арамен қақ бөлу қолыңнан келе ме? – деп қағытып қалды. Губкин «қағытпаны» тіке қабылдап газетін тастап, қуыс бөлмеден қол арасын әкелді де: – Дұрыстап жатасың ба? – деп әйеліне мысқылдай қарап ала­қа­нына түкіріп арасын қыса ұстады. Мұның бұнысына әйелі: – Есі ауысқан, әзілді де тү­сін­бейді? – деп көріп отырғанын жылт еткізіп басқа каналға ауыс­тыра қойып еді, онда бір бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған нағыз еркек жөнсіз тиіскен үш-төртеудің шықшыттарын шырт айыра азу тістерін қолдарына санап беріп жүр екен... Бұл көрініске риза болған әйелі күйеуіне: – Губкин, тура анандай етіп тіс сындыру екінің бірінің қолы­нан келе қоймас! – деп сынап ыржиып еді, күйеуі атып тұрып әйелінің алдына келіп жұдырығын түйген қалпы: – Қане, иегіңді көтеріп тұра қал! – демесі барма. Танауы делдиген, көзі қанталаған күйеуінің қалпынан секем алған әйелі: – Мынаның анық есі ауысқан екен! – жалма-жан көріп отыр­ғанын басқа каналға ауыстырып еді... еліріп есі ауысқан еркек пен әйелдің көрпе астындағы «айқасына» тап келіпті... Бұл көрініске есі кете елірген әйел сезімін жасыра алмай: – Міне, нағыз еркек! Біздікі бүйте қоймас! – деп еді, Губкин: – Өзіңе не керек-ей! Менен не керек екенін біле бермейді. Алдымен анықтап алда, содан соң соқтығыс! – деп кіжінген болды да, газетін бетіне бүркеніп диванға жамбастап жата кетті... Аударған Орынбасар ӘЛЖІК. Қыз-жігіт қыңқылы Қыз жігітіне: – Сен көзілдірік тақсаң әдемі болып кетесің. – Көзілдірік тақсам сен де әдемі боп көрінесің маған... * * * Қыз жігітке: – Сен мені жақсы көресің бе? – Әрине! – Сен маған үйленесің бе? – Әңгімені басқа тақырыпқа бұра береді екенсің осы... * * * Жігіт: – Жаным, сенің иісіңді сағындым. Қыз: – «Французский домда» 14 500 теңгеден толып тұр ғой. * * * Қызы жігітіне: – Сен бұдан бұрын біреумен сүйісіп пе едің? – Е, жоқ-а! Тек бірақ рет бол­ған, он­да да көпшілік «Ашшы! Аш­шы!» деп қоймай қойған соң сүйіскенмін... «ДИАГНОЗ» 11601167-funny-cartoon-doctorПықыптың қаралып жүрген дәрігері өзімен түйдей құрдас болып шығып, оның үстіне ол да бұл секілді әзіл-қалжыңға бейім, бұл бір езутартар айтса, ол да қарап қалмай қарымта қайтарады. Әзілдері жарасып жүріп бұл оған: «Үйдегі құрдасыңа ғана оқытайын, маған бір «диагноз» қойып, оған сәл-пәл түсініктеме жазып бересің бе?» деп еді, «Әлбетте! Құрдастан аяған қотыр сөз құрдымға кетсін», деп айдақ-сайдақ жазуымен сүйкей жөнелді. «Пықып Асабас «Еркениоз» ауыруына шалдыққан. «Еркениоз» – мидағы қан тамырларының тарылуынан болған кесел. Тамыр тарыла келе мүлде қабысып, ақыры миға қан құйылу қаупі бар... Яғни, жүйкесі жұқарған. Ауыру артық сөзді көтермейді. Әсіресе, айқай-шу бір мезгілде-ақ тоңқалаң асыруы мүмкін. Тыныштық керек. Үнемі көңіл күйі көтеріңкі жүргені абзал. Көңілді ортада болып, көңіл көтерер дүниелермен әуес болғаны жөн. Артық кетпей, күн аралата арақ-шараптан ауыз тигенінің пайдасы бар. Спирттің қан тамырларын қалыпта ұстап отыруы әлдеқашан дәлелденген». Пықып бұл диагнозын келіншегі Бозымгүлге беріп еді, ол оны үн-түнсіз ежіктей оқып шыққан болды... Пықекең оның бірнәрсе демегеніне тәубе етті. Көп өтпей, әйелдер мерекесі күні келіншегі алдына бір парақ қағазды сырғытқан болды. Үн-түнсіз үңіліп еді, онда: «Бозымгүл Асабас «Тенгениоз» ауруына шалдыққан. «Тенгениоз» – құрысқақ-тырысқақтың асқынған түрі. Яғни, нерв жүйесі жұқарған. Асып-тасып, айқай-шуға бейім тұратыны сондықтан. Ерсі қылық атаулыға шыдамы жетпейді. Айтып салады, айғайға басады. Өстіп барып қана жаны жай табады. Яғни, ауруының алдын алып, сәл құрысып-тырысып барып жазылған болады. Ауруы жиі қайталанбас үшін көз құрты болар қымбат дүниелер көз алдында болғаны жөн. Асыл тас, алтын, жақұт атаулы өзімен бірге болып, мойын, құлақ, саусақ атаулыда жынын басар жылтыр заттар тұрса ғанибет!» деп қысқа-нұсқа қайырылыпты. Не десін, дей алмады... Ерсұлтан МАҒЖАН. Без имени-2Алматы облысы. Мүйісті жүргізетін  Берік САДЫР