Кеше «Қазақстан жастары Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері 26 сәуірде өтетін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға байланысты өз ой-пайымдарымен бөлісіп, мәлімдеме жасады. Мәлімдемені бірлестіктің атқарушы директоры Айдын Сәбитов оқып берді.
Онда былай делініпті: «Біз, «Қазақстан жастары Конгресінің» мүшелері, елдегі жастардың ең ірі бірлестігінің өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын бірауыздан қолдаймыз. Тәуелсіздікке қол жеткеннен бергі жылдары еліміздің экономикасы өркендеп, халықтың әл-ауқаты жақсарып, мәдениетіміз жанданып, Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Еліміздің осы күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделі Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі деп білеміз».
Сондай-ақ, А.Сәбитов «Мемлекет біздің санамызда ертеңгі күнге деген сенімділікті оятады. Мәселен, Елбасы бастамасымен қолға алынған «2050-Стратегиясы» мен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақстанның жақын 5 жылдың ішінде ғаламдық геосаяси және экономикалық қиындықтарды еңсеруіне жол ашатын болады. Ол үшін біздің елімізде барлық жағдай қарастырылған. Яғни, Қазақстан жастарының жоғары білім алып, жақсы жұмысқа орналасуларына, әлемнің жетекші оқу орындарында дәріс алып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруларына да мүмкіндіктер берілген», – деді. Осылай дей келе, ол бұл ойды барша қазақ жастарының қолдайтынына сенім білдірді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше