06 Қазан, 2010

Күн тәртібінде – көкейкесті мәселелер

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Страсбург қаласында (Франция) Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) кезекті сессиясының жұмысына қатысуда. Сессияның күн тәртібіне Еуропадағы сығандар жағдайы, Украинадағы демократиялық институттардың ахуалы, Молдовадағы сайлауды байқау нәтижелері, экстремизммен күрес, балалар құқығын қорғау туралы жарыссөз енгізілген болатын. Сонымен қатар, бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдардың, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропа Қайта құру және даму банкі мен Еуропа Кеңесі даму банкінің 2009 жылғы қызметі парламентшілердің талқысына ұсынылды. Сондай-ақ сессия аясында Ассамблеяның вице-президенті мен Бас хатшысын сайлау жоспарланып отыр. Парламентаралық байланыстарды нығайту мақсатында қазақстандық делегацияның басшысы А.Судьин ЕКПА Президенті Мевлют Чавушоғлумен кездесетін болады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.