27 Қазан, 2010

Бірлікке бастайтын басқосу

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ыстамбұл қаласында Бүкіләлемдік түркі форумы болып өтті. Бұл халықаралық ауқымды шара “Түркі кеңесі, түркі диаспорасы және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық” деп аталды. Форумды Түрік-Азия страте­гия­­лық зерттеулер орталығы (TASAM) ұйымдастырды. Жиынға 60-тан астам түркі тілдес елдің өкілдері қа­тысты. Қазақстан де­ле­гациясының құрамында Парла­мент Сенатының депутаты, ака­демик Ғарифолла Есім, академик Әбдімәлік Нысан­баев, Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы төрал­қа­сы төрағасының бірінші орын­ба­са­ры Талғат Мама­шев, Қазақстан Журналистер одағы басқар­ма­сы­ның төрағасы Сейітқазы Матаев, Мәдениет министрлігі Тіл ко­ми­тетінің төрағасы Бауыржан Ома­­ров және бірқатар ғалымдар болды. Жалпы, жиында ТҮРКСОЙ ха­лықаралық ұйымының бас дирек­то­ры Дүйсен Қасейінов баяндама жасады. Ол Қазақстанның түркі ха­лықтарының ортақ мүддесі тұрғы­сы­нан атқарып жатқан жұмыстары жө­нінде әңгімеледі. Бұл жиында түркі дүниесі бірлігін дамытуға Қазақ елінің үлесі жайында бір­неше рет аталды. Форумның іргелі секция­ларының біріне академик Ғари­фолла Есім басшылық етті. Форумға қатысушылар бүкіл түркі тілдес елдердің арасынан шық­қан тұңғыш ғарышкер, қазақтың қаһарман ұлы Тоқтар Әубәкіровті зор құрметпен қарсы алды. Ғарыш­кердің елдік мұраттарды алға тарта отырып сөйлеген сөзіне жиылған жұрт ықыластана қол соқты. Жиын жыл сайын өткізіліп тұратын болып келісілді. Сонымен қатар, бүкіл түркі жұрты игілігін көретін интернет-портал жасалмақ. Бұл форум түркі дүниесі бірлігін нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болды. Асқар ТҰРҒАНБАЕВ, Мәдениет министрлігінің ТҮРКСОЙ-дағы өкілі. Ыстамбұл.