Кеше Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында «Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали алдағы Парламент сайлауына байланысты БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол Елбасының Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығын қолдайтынын айтып, аталған саяси науқанға партия мүшелерінің үміткер ретінде қатысатынын жеткізді.
«Елбасының бұл Жарлығын «Бірлік» партиясы толық қолдайды. Мұндай шешім тактикалық тұрғыда өте дұрыс. Себебі, Мәжілістің бесінші шақырылымы өзіне жүктелген міндетті толығымен орындады. Жолдауда айтылған бағдарламалардың заңдық негізін қалап, аз уақытта ауқымды жұмыс жасады. Алайда, қазір әлем тап болып отырған қиындық, экономикалық дағдарыстар жаңа күшті, жаңа қарқынды, жаңа екпінді қажет етеді. Сондықтан, сайлау өткізіп, Парламент құрамына қажыр-қайраты мол, іскер, тың идеялары бар азаматтардың келуіне мүмкіндік беру – ең ұтымды шешім. Бұл ретте біздің партия үшін де бұл сайлау үлкен мәртебе екенін айтқым келеді. Себебі, құрылғанына толық екі жыл болған партиямыз алғаш рет сайлауға қатысып, өз бағын сынап көреді», – деді С.Сұлтанғали.
Сонымен қатар, ол «Бірлік» партиясының мүмкіндігіне тоқталып өтті. Екі жылдың ішінде бірқатар игі істерге мұрындық болған партия үшін қазір өз күш-қуатын бағамдайтын шақ туғанын айтқан С.Сұлтанғали: «Әзірге қазақстандықтар үшін аса таныла қойған жоқпыз. Соған қарамастан, екі жылда өз деңгейімізде айтарлықтай жұмыс жасадық. Сайлауда заң жүзіндегі ең аз дауыс үлесімізді алсақ та қанағаттанамыз. Сондықтан, алдағы сайлау «Бірлік» партиясы үшін үлкен емтихан болмақ», – деді.
Сондай-ақ, төраға ақпан айында партияның съезі өтетінін мәлімдеді. «Сайлауға байланысты ақпанда съезд өткіземіз. Сол жерде депутаттыққа үміткерлер тізімі жасалып, бағдарламамыз дайындалады. Үгіт-насихат кезінде Қазақстанды аралап, стратегиямызды, жоспарымызды халыққа жеткіземіз. Осы жұмыстардан кейін партия мүшелерінің саны артады деп үміттенемін. Негізінен ауыл өмірін жақсартуға бағытталған ұстанымымыз халық тарапынан қолдау табарына сенемін», – деді партия төрағасы.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Бірлік» партиясының 53 мың мүшесі бар.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00