23 Қаңтар, 2016

Мақсат – ынтымақ пен бірлікті ұлықтай беру

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оралбай АБДТәуелсіздік алған кезеңдерден бері елімізде бірқатар сайлаулар өтті. Ал биылғы 2016 жыл – Қазақстан тарихында ерекше жыл. Яғни, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Екіншіден, осы жылы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын жүзеге асыру қолға алынды. Осы ауқымды жұмыстарды іске асыру бағытында бізді аса көп нақты іс-шаралар күтіп тұр. Бұл сайлаудың ең басты мақсаты – Елба­сы­­мыз­дың алға қойған тапсырмаларын басшы­лыққа ала отырып, бүкіл қазақстандықтардың бірлі­гін қазір­гі­ден де нығайта түсу. Ол үшін, әрине, келісім мен ынты­­мақ керек. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәс­лихат­тар сайлауларынан барлығымыз осыны күтіп отырмыз. Елбасымыз осындай саяси науқандарды өткізу арқылы халықтың ынтымақ-бірлігін арттыруға және алдымызда тұрған кешенді бағдарламалар мен жоспарларды іс жүзіне асыруға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі жаһандық дағдарыс кезінде біздерге асқан ұйымдастырушылық пен бірлік ауадай қажет. Мәжіліс пен барлық дең­гей­дегі мәслихаттар сайлауларын бір күнде өткізу еліміз үшін, халқымыз үшін барлық жағынан тиімді. Қомақты қаражат үнемделеді, бұл Конституциямызға қайшы емес. Сондықтан, біз Мемлекет басшысының бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын толықтай қолдаймыз, сондай-ақ, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлаулары ұйымдасқан түрде ойдағыдай өтетініне сенімдімін. Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, мемлекет және қоғам қайраткері.