28 Қаңтар, 2016

Президенттің күнделікті қызметі – ел жылнамасында

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» серия­сының 20-шы томы жарық көрді. Фото (с диском)-казАуқымды архивтік құжаттар ауқымының негізінде әзірленген серия 1990-2014 жылдарды қамтиды және мемлекеттік тілдегі – 20, орыс тіліндегі 20 томнан тұрады. Алғашқы бес том 1990-жылдарға арналған әрі оның әр томы екі жылды қамтиды. 2000 жылдан бас­тап 2014 жылдың оқиғаларын сипаттайтын қалған 15 томның әрқайсысы бір жылдың оқиғаларын береді. Өзінің мазмұны мен техникалық орындалуы жөнінен «Хроника» бүкіл кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі баламасы жоқ басылым екенін атап өткен жөн. Әр томға кітаптың өзі және дербес ақпараттық өнімдер болып саналатын мультимедиалық компакт-диск кіреді. Басылымға мына дерек айрықша құндылық береді: кеңестерді, іскерлік кездесулерді, ірі қоғамдық-саяси акцияларды, ел өңірлеріне жасалған жұмыс сапарларын, шетелдерге сапарларды, т.б. қоса алғанда, онда Елбасының күнделікті жұмысы күн сайынғы пішім бойынша көрініс тапқан. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздерінің, Президенттің белгілі бір кезеңдегі заңдары мен жарлықтарының тізбесі, түрлі анықтамалық ақпарат берілген. Көрнекілеу бола түсуі үшін Н.Ә.Назарбаев қатысқан едәуір маңызды іс-шаралар фото- және бейнематериалдармен дәйектелген, мұның өзі оқырмандардың суреттеліп отырған оқиғалар ауанына толығырақ бойлауына мүмкіндік береді. Оқырмандардың танысуына көбірек мүмкіндік туғызуды қамтамасыз ету мақсатында материалдар, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Ақорда» ресми сайтында да қайталана ұсынылады (http://www.akorda.kz). Қазіргі кезде 2015 жылға арналған кезекті том басуға әзірленуде, ол осы жылдың соңына қарай жарық көреді. Тұтасымен алғанда, «Хроника» Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көпқырлы қызметінің призмасы арқылы берілген Қазақстанның ең жаңа тарихы жөніндегі құнды құжаттамалық дереккөз болып табылады. Серияны саяси ғылымдар докторы, профессор М.Б.Қасымбеков басшылық жасайтын авторлық ұжым шығаруда. Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».