04 Ақпан, 2016

Қырық төре табақ тұшпара

647 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
тұшпараШымкенттегі шараның шырайын ашты Шымкентте «Creative Pelmeni Party» халықаралық акциясы аясында тұшпара жасаудан флеш-моб өткізілді. Бір сәт бір мезгілде жиналған қауым бірін бірі әзілмен іліп-шалып, жадырап отырып 40 төре табақ тұшпара түйді. «Creative Pelmeni Party» халықаралық ұйымының бастамалары бұрын ТМД және Еуропа елдеріне ғана белгісі болса, идеяны Қазақстан қалалары ішінен Шымкент іліп әкеткен. Жұрт жапырласып тұшпара түйіп жатқанда, осы іске мұрындық бол­ған жетекшілер тарапынан ұлттық нақыш­та тігілген киімдерге, тұшпара жайын­дағы үздік өлеңдерге байқау жарияланды. Тұшпара – ежелден шығыс жұрты­ның сүйікті тағамы. Орыс халқы кейін оны іліп әкеткен. Сондықтан да бүгінде орыс асханасынан тұшпара үзілмейді. Тіпті, қоңыр күзде орыс деревняларында әр үй кезектесіп бастаңғы жасап, әйелдерді шақырып қап-қап тұшпара түйдіріп алады екен. Аязға қатырып қояды да қыс бойы соғым етіп жегендей рахаттанып, сақырлап қайнаған суға салып, соғып алады. Ал мына идея тұшпараның негізінде қазақтар үшін де бөтен емес екендігін көрсеткен шара болып шықты. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.