04 Ақпан, 2016

«Өз үйім» – өлең төсегің

434 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ACD_0443Жалпы жұртқа белгілі ма­қал­ды аздап өзгертуімізде мән бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі биылдан бастап жаңа бағдар­ла­маны қолға алды. Ол «Өз үйім» деп аталады. Бағдарламаның аты айтып тұрғандай, банк қолже­тім­ді, ағайынның қалтасына ар­тық салмақ салмайтын тұрғын үй­лер сала бастайды. Ал жаңа бағ­дар­лама бойынша ең алғашқы үй Қызылорда қаласында басталды. Аталған жоба аясында Қызыл­орда қаласында 40 мың шаршы метрді құрайтын 12 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Жаңа бағдарламаны бірлесіп жү­зеге асыру мақсатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Кө­шер­баев пен Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің басшысы Айбатыр Жұмағұлов меморандумға қол қойды. Осы келісім негізінде қаладағы «Сырдария» шағын ауданынан 100 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйдің алғашқы іргетасы қаланды. Ал қалған 500 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үй жаңадан бой көтеретін «Арай-3» шағын ауданында салынады. Бұл жыл ішінде «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 600 қызылордалық баспаналы болады деген сөз. – Жаңа бағдарлама біздің өңірден бастау алып отыр. Сон­дық­тан, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылығына алғыс айт­қым келеді. Өткен жылы облыс ор­талығында тұрғын үй құрылысы 8 есеге артты. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Атқарылған жұмыстардың нәти­жесін халық көріп отыр. Тек қана 2015 жылдың өзінде біз осы сала­ға 22 миллиард теңге инвес­тиция тарттық. Биыл да бұл көр­сеткіш кем болмайды,– деді аймақ басшысы. – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй салу көр­сеткіші бойынша Қызылорда облысы үздік 3 аймақтың ішінде. «Өз үйім» бағдарламасын осы аймақ­тан бастауымыздың да себебі бар. Жергілікті басшылар құры­лыс жүргізу үшін қажетті инфра­құ­рылымды дайындап, барлық жағдайды жасап отыр. Сонымен қа­тар, үйлердің сапасын да ұдайы бақы­лауда ұстайтын боламыз, – дей­ді Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің басшысы Айбатыр Жұма­ғұлов. Мұнан басқа дәл осы күні «Өңір­лерді дамыту» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың қаржыландыруымен «Сәулет» шағын ауданында 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 940 миллион теңге. Облыс басшысы мердігер мекемеге құрылыстың сапасына мән беруді тапсырды. Қорыта айтқанда, жыл басының өзінде Қызылордада 19 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Облыс басшылығы биыл да 2 мыңнан астам сырбойылық баспаналы болады деп жоспарлап отыр. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.