Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев осы елдің Қоршаған орта министрі Ян Шишкомен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде баламалы энергетика қорларын дамыту, климаттық саясат, инвестициялар тарту, заманауи экологиялық құралдарды өндіру, «жасыл» технологиялар, сондай-ақ, бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу салаларында айтарлықтай әлеует бар екені аталып өтті.
Я.Шишко 2017 жылы Астанада өтетін «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандандырылған көрменің аса маңызды жоба екеніне екпін түсірді. Өйткені, көрменің бүгінгі Польшаның технологиялық шешімдерін көрсету, екі тараптың ғылыми және бизнес топтарына қызықты алдыңғы қатарлы жобаларды насихаттауға мол мүмкіндік туғызатынын айтты. Оның пайымдауынша, ЭКСПО Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға оң ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, кездесуде өңірлік экологиялық жобаларды жүзеге асыру мен Қазақстанның «жасыл» технологияларды дамыту тетіктерін құруды қамтитын «Жасыл көпір» бастамасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың келешегі де талқыланды.
Министр топырақтың тозуы, жерлердің шөлге айналуы, Арал теңізін, орманды алқаптарды қайта қалпына келтіру және экожүйелерді дамыту мәселелеріне қатысты қазақстандық жобаларға қызығушылық танытты. Польшаның осы тақылеттес қиындықтарды шешуде үлкен тәжірибесі бар. Табиғат қорғау ведомствосын басқаруға үшінші мәрте тағайындалған (1997-1999 жылдары, 2005-2007 жылдары және 2015 жылдан қазірге дейін) Я.Шишконың айтуынша, бұл бағытта Польша үкіметі соңғы он жыл ішінде айтарлықтай жүйелі шараларды іске асырды. Нәтижесінде, бүгінгі күні Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық қоры, Су шаруашылығы басқармасы және Қоршаған ортаны қорғау банкі сияқты институттармен ықпалдастықты қамтамасыз ететін жүйе құрылды. Бұл ұйымдардың қызметі экологиялық жобаларға инженерлік көмек көрсету мен қаржыландыруды ұйымдастыруға бағытталған. Өз кезегінде, бұл «жасыл» инвестицияларды тартып, «жасыл» технологиялар орталықтарын, зерттеу стансалары мен лабораторияларын қарқынды дамытуды ынталандырады. Сондықтан, қор мен банктің тәжірибесін Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын іске асыруда қолдануға болады.
«Екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарында ықпалдастықты арттырудың маңызы зор. Ал қор мен банктің тәжірибесі «жасыл» инвестицияларды тартуда мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде ескерілетін болады. Серіктестікті кеңейту мақсатында бүгінде жобасы әзірленіп жатқан тиісті екіжақты халықаралық келісімге қол қойылады», – деп қорытты өзінің сөзін Е.Өтембаев.
«Егемен-ақпарат».
• 13 Ақпан, 2016
Экспо-2017 – технологияларымыз үшін үлкен мүмкіндік

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40