2016 жылғы 8 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қазандағы № 1295 қаулысы (Қазақстан Республикасының ЦҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 452-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.