Топырақтан жаратылған адам баласы топыраққа тартып туады дейді. Тосынның торғын топырағын басып, тобылғысына тобығын жырғызып, тораңғысының саясынан табиғатқа елти қарап, толқи аққан Торғайдың толқынымен жарысып та, жарасып та жыр әлеміне сүлей сөздің сүйектісін әкелген сері ақын – Серік Еуразия Ұлттық университетінің «Кәусар» бірлестігінде студенттер арасында қонақта болды, сырын айтты, жырын оқыды.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Тұрғынбекұлының 70 жылдық мерейтойына орай елордалық зиялы қауым мен жастар арасында поэзия кешін өткізуіне мұрындық болған «Кәусар» бірлестігінің осы жолғы басқосуы аңғалдық пен адалдықтың, батылдық пен елдік мұратты ойлаған ердің бейнесімен ерекшеленді, елін сүйген ақын жүрегінің ағынан ақтарыла, аңқылдай төгілген сырларымен ерекшеленді, көкіректерге ой салып, көңілдерді көтеріп, даланың дархандығын көз алдыңа әкелуімен ерекшеленді десе, артық айтқандық бола қоймас.
Тосындай ырғатылып, теңселе басып, тербетіле төгілген ақын жырлары сахнадан өрімдей жастардың аузынан кейде ерекше жалындаған өрлікпен, кейде сыңғырлай аққан сырмен, желпіп өткен самалдай жанға жайлы поэзия атты құдіретті әлемнің саф ауасымен демалдырып тыңдаған жанның бойын еріткен. Кеш әнсіз өткен бе? Серік ақынның жырлары талай композитордың шабытын шақырған, сұлу саз тудырып, ән болып өріліп, әуен болып төгіліп, бойларды шымырлатқан. Ендеше, кеште айтылған әндердің сөзін Серік ақын жазған. Студенттер өнеріне өзіне әбден жарасатын, әркез риясыз айтар алғысын жеткізген ақын: «Қазір мына әлем шоу болып кетті. Қыңқыл-сыңқыл музыка әуені қайсы, сөзі қайсы, айтып тұрғаны ән бе, сахнадағы әнші ме, әлде сырттан өтіп бара жатып, мен де айта аламын деген біреу ме, білмейтін болдық. Есті сөз, есті әуен, сырлы сөз бен сырбаз әнші, жан толқытар, жүректі тербер әсем әуен тыңдаудан қалдық. Радионы ашып қалсаң да сол, теледидарды басып қалсаң да сол. Лыпасы бойын жаппайтын қарындасқа қараудан жүзің айниды. Айналайындар, есірік емес, есті болыңдар. Жастыққа жарасатын жындылық та болады, бірақ бәрі жөнімен, ұлтқа тән емес, өзгеге солықтаудан тумай, төл мәдениеттен өрбісе, берері мол болмақ. Кітап оқыңдар, сендер зерделі болсаңдар, аға буын армансыз. Кешегі өткен Алаштың арыстары армансыз», деп алғысының соңы ағалық ақылға ауысқан ақынның не жасаса да, не айтса да шынайылығын бағамдаған көрермен де риясыз риза болысқан. Оның үстіне кештің жүргізушісі Кенжеғали Мыржықбай сері ақынның жас кезіндегі кейбір аңғалдыққа ұрынған сәттерін еске түсіргенде өзі де рахаттана, риза болып күліп, іліп алып кеткенінде студенттер қолдарын аямай соғып, ақынға деген құрметтерін танытты.
Поэзия кешінде Көпен Әмірбек ақынға арнаған өлеңін оқып, кеш соңында университет ректоры Ерлан Сыдықов ақынды Гумилев медалімен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33