Облыс орталығындағы көшелердің бірінде шағын ғана дүкен ашылды. Иесі өзіміздің қазақ баласы. Алғашында маңдайшаға «Дукен, тәулік бойынша» деп жазды. Бұл жазуды көре салып, жан-жақтан жүгіріп кеп, бәріміз де айтып жатырмыз. Ол бірден: «Бәрі де солай жазады,басымды ауыртпаңыздаршы, мен орысша оқыдым», – деді.
Бір апамыз:
– Әй, қарағым-ау, мектепте мұғалімдерің қазақ тіліндегі әріптердің қалай айтылып, қалай жазылатынын оқытып, түсіндірмеген бе! – деп жатты.
– Маңдайшаға жазатын фирмалар солай жазып берді. Зачем это вам? Қазақша жазылып тұр ғой, – дейді жігіт.
Арада бір апта өткенде, екінші «біртүрлі» жазу пайда болды.
Бұл жолы «дукен тэулік бойимен» депті.
Дүкенге келіп жүретін сол маңайда тұратындар тағы да ренішті.
– Қарағым-ау, біз саған жазып бердік қой дұрысын. Бұның не? – десе:
– Сіздер жазған әріптерді таба алмады, – депті.
Әлгі апамыз да ашулы:
– Әріптерді таба алмағаны несі? Балқан тау асып кетіп пе сонша! Жердің түбіне түссе де табамыз. Жүр, кәні, менімен!-дейді жігітке.
Маңдайшадағы жазуды қате жазғаны үшін үлкендердің, дүкенге келушілердің ескертулерінен ұялған ба, әлгі жігіт апамызға ілесіп, әріптерді іздеуге шығады.
Үшінші күні маңдайшаға Дүкен деп жазылды-ау, ақыры!.
Сағаттың суреті салынып қасына ілінді. Тәулік бойы жұмыс жасайды дегенді көрсетіп тұру үшін. Дүкен маңайында тұратын үлкендеріміз де көңілденді. Біразға дейін үйлерінен шығып, маңдайшаға келіп қуана қарап жүрді.
Кейбіреулер «тіл жанашырымын» деп көпіріп жүреді. Әрқайсымыз Сафура апамыздай, ол кісінің көршілеріндей тілімізді осылай қолдап қорғасақ, әріптеріміз өз орындарын табады екен. Бұ кісілер жиналыстарда тілді көтерейік, дамытайық деп лепіріп сөйлемей-ақ, бір әріптің бойын тіктеп, көтертіп, бәрімізге сабақ, үлгі болардай іс жасады.
Айтпақшы, алдыңғы жылы облыс орталығында бір ескерткіш ашылғанда орыс тіліндегі бір сөзге екі «с» әрпін жазудың орнына бір «с» әрпі жазылып кетіп, құдай сақтасын, жедел, шұғыл түрде қатені түзеуге тапсырма берілгені-ді. Расында да, жоғарыда жігітіміз айтқандай, айналамызда «дукен» деген сөз қаптап тұр. Едел-жедел жөндеңдер, кәні, деп нұсқау беріп жатқан да ешкім жоқ. «Дукен» болып өмір бойы тұра берсе де мыңқ етпейміз-ау.
Бір ғана әріп. Мән бермейміз. Оны көріп өскен балаларымыз да ертең солай атайды. Қазір қала көшелеріндегі жарнамаларда болсын, маңдайшаларда болсын бұдан басқа да қателер көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді.
Дүкенші жігіттің «өздері солай жазып берді» дегендегі маңдайша жазуларды жазатын «өздеріне» заң жүзінде талап қойылмай тұрғаны өкінішті. Әріптерді қате жазып бергендері үшін айыппұл төленуі қажет. Әйтпесе, айтылуы, жазылуы қиын дейтін қазақ тіліндегі айналдырған бес-алты әріпті егер талап пен тәртіп болса ендігі үйреніп, жазып, жаттап, маңдайшаға емес, тіпті, аспанға жазып қоятын уақыт жетті емес пе.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20