07 Сәуір, 2016

*Сырт көз – сыншы

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АксельҚұптаймын және қолдаймын

Ядролық қарулану үдерістері жаңа­дан өрістей түсіп отырған жағдайда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Азия мен Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру туралы ұсынысы үлкен маңызға ие. Қазақстанның соңғы 10 жыл ішін­дегі антиядролық бастамаларын құптай­мын және қолдаймын. Қазақстан басшылығының кейбір елдердің жаппай қырып-жоятын қаруға қол жеткізуге ұмтылып, халық­аралық қоғамдастықты тұрақсыздыққа итер­мелеп отырған жағдайында, осы қауіпті үрдістің кең қанат жаймауына аса үлкен үлес қосып отырғанын атап көрсеткен абзал. Орталық Азиядағы ядросыз аймақ мысалынан біз аталған шарттың өзінің қорғау қызметін орын­дап, Орталық Азиядағы барлық елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қой­май, оларды жаппай қаруланудан бас тарту­дан сақтандырып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанның күш-жігері ядролық державалар арасындағы дүрдараздық тәуекелінің айтарлықтай төмендеуіне де оң ықпал етуде. Астананың қарусыз­дану, қарулануға бақылау жасау, ядро­сыз аймақтар құру және ядролық арсе­­нал­­­дарды қысқарту жөніндегі жаңа келі­­сімдер жасасу бойынша бел­сен­­ділі­гі басқа елдер үшін үздік үлгі болып табылады. Мен Қазақстан басшылығына аталған бастамаларды жүзеге асыруда табыстар тілеймін.  Аксель ФИШЕР, Германия Бундестагының депутаты, Еуропалық кеңестегі Еуропа халық партиясы фракциясының төрағасы.

Aleksandr Rar(1)Бас тарту бастамасы басқаларға үлгі

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит халықаралық қоғамдастықтың ядросыз әлем құру жөніндегі бел­сенділігінің маңызды темірқазығы болып табылады. Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев муль­типолярлы әлемнің тәуекелдерін, шын мәнінде, дөп басты. Осы орайда айтқанда, Орталық Азияға географиялық жағынан жақын орналасқан Солтүстік Кореяның ядро­лық сынақтар жүргізуі бүкіл өңір үшін қауіпті сын-қатер болып қалып отыр. Сондықтан Қазақстан, еш қауіп­тенбестен, өзінің ядролық қарудан бас тарту үлгісін басқаларға ашық жариялап келеді. Біз тек осындай жолмен ғана ұзақ мерзімді және орнықты әлемді қамта­масыз ете алатын боламыз.  Александр РАР, журналист, саясаттанушы, көсемсөзші.