Мемлекет басшысы айқындаған Бес институттық реформа «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы «Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» ісі енді толықтай әзірленген құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы ережелерімен сәйкес келетіндігін Бас прокуратураның кадр жұмысы департаментінің аға прокуроры Ғабит Әбдіхалықов брифинг барысында ерекше атап өтті.
Кәсіби құрамды қалыптастыру бойынша келелі міндеттерге жетуге бағытталған кадрлық процестерге жаңа заңдар мен бірқатар жаңа тетіктер енгізілгендігімен бөліскен Ғ.Әбдіхалықов осы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес құқық қорғау органдары мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесіне енгізілгендігін алға тартты. «Қызметке кіру төменгі тұрған лауазымнан басталады. Ол үшін біліктілік талаптары белгіленген, бұл құжаттар барлық шарттарда нақты реттелген. Бірінші кезекте, барлық кадрлық процестерді ғылымға негізделген әдістермен жоспарлау мен болжау іске асырылады», деді аға прокурор. Оның айтуынша, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтардың тізбесіне қарай қызметкерлерге деген қажеттілік жоспарланатын болады. Кадрлық болжамды жүргізу Әдістемесі де әзірленген. Аталған құжат алдын ала қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлауға бағытталып отыр.
Сонымен, прокуратура органдарында кадрлық резерв: аттестаттау нәтижесі және қызмет тиімділігін бағалау бойынша қалыптасады. Резервте тұрғандар үшін ведомстволық мәліметтер қоры құрылады. Қордағы бос тұрған басшы лауазымдар және оған орналасу үшін кандидатқа қойылатын талаптар туралы нақты мәліметтер көрсетілмек. Әсіресе, меритократия қағидасы бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін еңгізу ерекше мәнге ие.
Бұл орайда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды жасау мақсатында және жұмыстың сапасын арттыру үшін тұрақты түрде әлеуметтік мониторинг жүргізу институты енгізілген. Өзге құқық қорғау органдарына қарағанда, прокуратурада қызметке кірудің сынақ мерзімі бір жылға дейін деп белгіленген. «Тек сосын ғана жас қызметкер аттестаттаудан өтіп, бірінші сыныптық шенді беруге ұсынылады. Алғаш рет жұмыс стандарты енгізілетін болады, бұл стандарттар барлық жұмыстағы процестерді реттейді және қызметкердің жұмысының нәтижелері нақты өлшенетін болады», деп атап кетті аға прокурор.
Оның пайымынша, бұл мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын орындауды қамтамасыз ету, нәтижеге қарай еңбекақы төлеу жүйесіне көшу критерийлерінің бірі болып табылады. «Бұл мәселеде біз алға қарай қадам жасап отырмыз. Аталған заңды іске асыру үшін 2016 жылғы 16 наурызда қол қойылған Президент Жарлығының жобасын әзірледік. Бұл құжатта құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бағалау, лауазымы бойынша разрядтар беру және жауаптылықты қалыптастыру тәртібі айқындалған», деп атап өтті кадр жұмысы департаментінің аға прокуроры.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:12
Милан-2026: Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға кімдер баратыны белгілі болды
Спорт • Бүгін, 19:00
Халықтың елдегі жағдайға көңілі тола ма?
Қоғам • Бүгін, 18:50
1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал
Реформа • Бүгін, 18:40
Президент: Қоршаған ортаны қорғау – стратегиялық мәселе
Президент • Бүгін, 18:40
Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Президент • Бүгін, 18:28
Жасанды интеллект • Бүгін, 18:18
Қазақстанда теледидар көру 21%-ға артты
Қоғам • Бүгін, 18:08
Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?
Спорт • Бүгін, 17:45
Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент • Бүгін, 17:43
«Астана Опера» солисі әйгілі Үлкен театр сахнасында өнер көрсетті
Ән • Бүгін, 17:40
Мемлекет басшысы Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
Президент • Бүгін, 17:27
Елімізде сиыр еті неге қымбаттады?
Экономика • Бүгін, 17:20
Президент: Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс
Президент • Бүгін, 17:17
1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі
Медицина • Бүгін, 17:12